Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы XXII сессиясына қатысушылардың облыс тұрғындарына Үндеуі

Біз, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XXII сессиясына қатысушылар облыстың барлық тұрғындарын қоғамымыздағы тұрақтылықты, этносаралық келісім мен бірлікті, жүргізіліп жатқан реформаларды сәтті жүргізудің басты шартын сақтауға және нығайтуға шақырып, осы үндеуді жолдаймыз.
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында этносаралық тұрақтылық пен конфессияаралық үйлесім біздің еліміздің өмір салтына айналды деп мақтанышпен айта аламыз.
Бұл – алғашқы беттен республикамыздың барлық этностарының арасында бейбітшілік пен келісімді сақтауға, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға баса назар аударып отырған еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің жемісі екені сөзсіз.
Бүгінгі таңда біздің әрқайсымыз тұтастай республикамыздағы және біздің облысымыздағы оң өзгерістерді жақсы сезініп отырмыз. Біртұтас Қазақстан халқы атанып, егемен елімізді нығайту, оны гүлдендіру және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жолында атқарылып келе жатқан игі істер осылайша өз нәтижесін беруде.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазақ тілі – ұлтаралық қатынас тіліне айналатын сәтті бірге күш салып жақындату үшін мемлекеттік тілді дамытуға жан-жақты қолдау көрсету де ортақ парызымыз. Біз ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық біздің еліміздегі өз Отанын тапқан этностардың мәдениетін сақтау үшін жасалған жағдайларды жоғары бағалап отыр.
Бүгін біз облыстың барлық тұрғындарын Мемлекет басшысы алға қойған елімізді өркендету және бейбітшіліктің жоғары идеалдары – қайрымдылық, рухани келісім мен жалпыұлттық бірлік ісіне қоғамды толық жұмылдыру міндеттерін жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамыз!
Достық пен өзара түсіністік, сыйластық пен тату көршілік біздің өміріміздің қалыпты салтына айналсын!
Көкшетау қаласы.
29 қараша, 2019 жыл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар