Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасы бекітілді - АРҚА АЖАРЫ

2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасы бекітілді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен алтыншы шақырылған облыстық мәслихатың кезекті қырқыншы сессиясы болып өтті. Сессияда облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Ғалым Бекмағамбетовтің төрағалық етуімен халық қалаулылары 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарады.

Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер және
БАҚ өкілдері қатысты.
Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың хабарлауынша, келесі жылы облыстық бюджетке түсетін түсімдердің көлемі республикадан бөлінген нысаналы трансферттер мен несиелерді есептемегенде қомақты болмақ. Ал, адами капиталды дамыту, экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беру қызметтерін құруға келесі жылға 45,7 миллиард теңге қарастырылған. Шығындардың негізгі үлесі техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлауға, екі миллиард теңгеден астам – облыстық білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын жөндеуге және нығайтуға бағытталатын болады.
Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға облыста 5,1 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. 117 бірлік медициналық техника сатып алынады. Алты ауданда 10 қосымша жедел медициналық жәрдем бекеттері жарақтандырылады, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау қамтамасыз етіледі. Алдағы жылы халықты әлеуметтік қорғау саласының шығындары 7,1 миллиард теңгені құрайтын болады. Бұл ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге, мүгедектерді оңалтудың әзірленген жеке бағдарламаларына сәйкес қарттар мен мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтік қолдау мен арнайы қызмет көрсетуге бағытталады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамытуға 34 миллиард теңге қарастырылған.
Жолдардың жағдайын жақсарту үшін 21 миллиард теңге бөлінеді. Көкшетау қаласын абаттандыруға, елордаға іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытуға да үлкен көңіл бөлінген.
2020-2022 жылдары «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын, «Ауыл – Ел бесігі» және моноқалалар тағы басқа жобалар шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғасады.
Сессия барысында өңір басшысы Ермек Маржықпаев баяндама жасап, облыста жүзеге асқан ауқымды істерге тоқталып, жұмыла жұмыс жасаған ел азаматтарына ризашылығын білдірді. Осылайша «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен тығыз байланысты және алдағы үш жылға облыс өңірінің бюджеттік саясатының негізін қалайтын «2020-2022 жылдарға арналған Ақмола облысының облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» шешім талқыланды.
Сессияда облыстық мәслихат депутаттары Серік Аяғанов, Ғалым Бекмағамбетов және Дархан Отаров баяндама жасады.
Сесссия барысында қатысушыларды еліміздің Тәуелсіздігі күнімен және Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы шешімімен бекітілген ережесіне сәйкес, «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағын беру үшін біздің жерлесіміз, үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденінің және бірнеше жоғары марапаттардың иегері Қожахмет Балахметұлы Балахметов пен «Қазақстанның Еңбек Ері», «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері, «Агрофирма «Родина» серіктестігінің бас директоры Иван Адамович Сауэрдің кандидатурасын ұсынды.
Сессия барысында депутаттар 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасын бірауыздан бекітті.
Бұдан бөлек, облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есебі тыңдалды, бірқатар үйлестіру кеңестерінің, комиссиялардың құрамдарындағы өзгерістер мен басқа да бірқатар мәселелер қаралды.
Облыстық мәслихат сессиясының соңында бірқатар азаматтарға жоғары марапаттар табыс етілді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар