Қайта жаңартылған жеңіл атлетика манежі ашылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетауда қайта жаңартылған жеңіл атлетикалық манеждің және спорттың осы түрінен облыс чемпионатының ашылу салтанатына қатысып, жиналған қауымды ұлық мерекемен құттықтады және жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Біз бүгінгі спорт жарысын жаңартылған ғимаратта өткізіп жатырмыз. Манеж жеке қолдан сатып алынып, күрделі жөндеу жасалғаннан кейін облыс орталығының тұрғындарына есігін айқара ашты. Осының барлығының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ерекше мәні бар деп ойлаймын, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.
Сонымен қатар, жеңіл атлетиканың дамуына зор үлес қосқаны үшін спорт ардагері Абдрахман Әбдірашитовке, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ақмола облысының жеңіл атлетикадан бас бапкері Василий Чуйкоға, КСРО спорт шебері, жоғары дәрежелі жаттықтырушы Алмагүл Әділоваға бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Келесі құттықтау сөз жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия чемпионы, Ақмола облысы жеңіл атлетика федерациясының президенті Евгений Мелещенкоға берілді. Облыс әкіміне алғысын білдірген ол Қазақстан Респуб-ликасы Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметовтың атынан облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа спорттың дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хат пен жеңіл атлетиканың 100 жылдығына арналып шығарылған кітапты табыс етті.
Жоғары спорттық шеберлік мектебінің директоры Аян Шөкенов:
–1989 жылы салынған жеңіл атлетикалық манеж облыс әкімінің қолдауымен жоғары спорт мектебіне беріліп, күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгін міне, басталғалы тұрған жарысқа Ақмола облысының аудандарынан, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан спортшылар келіп отыр. Жалпы алдағы уақытта манежде жеңіл атлетшілердің оқу-жаттығу жиындары мен осы спорт түрінен жарыстар өткізілетін болады, – деп қала тұрғындарының да осында келіп жаттығуына мүмкіндік жасалатынын атап өтті.
Шара соңында облыс әкімі Ермек Маржықпаев жарыс жолына шыққан желаяқтарға «старт» белгісін беріп, жарыс-ты салтанатты түрде ашты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар