Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елге еңбегі сіңген көптеген адамдар түрлі марапаттар алып, қуанышқа кенеліп жатыр.
Мұндай қуаныш «Арқа ажары» газетін де айналып өтпей, бірқатар әріптестеріміз ұзақ жылғы еңбектері еленіп, түрлі марапаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік наградалармен наградтау туралы жарлығымен Ақмола облыстық «Арқа ажарының» бас редакторы Қайырбай Зейноллаұлы Төреғожа «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Белгілі қаламгерді Мемлекеттік жоғары наградасымен шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық жаңа табыстар тілейміз!
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев «Мәслихатқа – 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Ал, «Арқа ажары» газетінің қызметкері Бақберген Амалбек «Біржан сал ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды. Бұл біз үшін мәртебе әрі мерей!
«Арқа ажары» газетінің ұжымы.