Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өркениет көшіне ілескен бізді әлем таныды - АРҚА АЖАРЫ

Өркениет көшіне ілескен бізді әлем таныды

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. 1991 жылы еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», – деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 28 жыл уақыт зымырап өтіп кетіпті. Ал, осы уақыт тарих үшін қас-қағым-ақ сәт сияқты. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнауы талай үлкен мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Неге десеңіз, тәуелсіздік мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата-бабамыздың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, «қазақ» деген атауға жан кіргізгені үшін бізге қымбат.
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді.
Тәуелсіз Қазақстан зайырлы, құқықтық, демократиялық қоғам орнату жолына түсіп, биліктің барлық салаларының аражігін айқындап, нақты белгілеп алды. Осы уақыт ішінде биліктің бір тармағы ретінде – сот билігі де үлкен қайта құруларды бастан өткерді. Кеңес заманында аумақтық құрылымға байланысты ғана жіктелетін сот заман талабына сай түрлі салалар бойынша мамандандырылған соттар болып құрылды. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, экономикалық соттармен бірге, жасөспірімдер ісін қарайтын ювеналдық соттар құрылып, жемісті жұмыс істеуде. «Алқабилер туралы» заң қабылданып, сот мәжілістеріне халық өкілі – алқабилер қатыстырылуы тәжірибеге енді. Ал, соңғы жылдарда араағайыншылық институты – медиацияның қызмет ауқымы кеңейіп келеді. Ұсақ-түйек дау-дамайлардың бәрі бүгінде медиаторлар арқылы қаралып, бітімгершілікпен аяқталып жататын болды. Медиация соңғы жылдарда, тіпті мектепке де еніп, мектеп медиаторлар кеңестері құрылып, жұмыс жасап жатыр.
Біздің еліміздің ең ұлық мерекесі болып табылатын Тәуелсіздік күні әкелген игіліктерді барлық салалар бойынша осылай тізіп, айта беруге болады. Тәуелсіздік баршамыздың өмірімізге үлкен өзгеріс әкеліп, кеңестік темір шымылдық алынған соң әлемге жол ашылып, Қазақстан халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып отыр. Біз осындай дамыған, өркениет көшіне ілесіп, жарқын болашаққа бағдар ұстанған Тәуелсіз елімізді мақтаныш тұтамыз.

Әскербек Жакулин,
Ақмола облыстық сотының судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар