Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелейміз - АРҚА АЖАРЫ

Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелейміз

Тәуелсіздік! Осы бір ұғымды кім қалай түсінеді? Оның астарында мемлекет болудың негізі, елдің болашағы мен азаматтарымыздың кемел келешегі жатқанын бәріміз бір кісідей ұғына алып жүрміз бе деген сауал мазалайды көкейімде.

Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстанымыз көптеген жетістіктерге жетті. Осы орайда, ұстаз ретінде мені ерекше қуантатын жайт ұл-қыздарымыздың шетелдің озық жоғары оқу орындарында білім алып, озық технологияларды меңгеріп, ел мерейін асқақтатып жүргені. Кеудемде тасып-толқитын одан да зор қуаныш еліміз егемендікті алған бойда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде ресми бекітілгені. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев үш бақытына теңеп өткен дана халқымыз, көркем тіліміз, айбынды Отанымыз – менің де асыл құндылығым.
Сонау тоқсаныншы жылдары Ақкөл қаласында тұңғыш қазақ сыныбының ашылуы Тәуелсіздіктің жемісі деп білемін. 2011 білім ошағы №3 қазақ мектебі атанды. Арада алты жыл өткеннен кейін оған ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының бірі Жайық Бектұровтың есімі берілді. Өзім аталмыш білім ошағында бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етемін. Енді аз-маз мектебіміздің бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып өтсем деймін.
Бүгінде мектепте 64 мұғалім еңбек етеді. Барлығы жоғары білімді мамандар. Мектеп директоры Әлия Айтжанқызы әр бастамамызға қолдау білдіріп отырады. Аттестаттаудан өтіп, «Педагог зерттеуші», «Педагог сарапшы», «Педагог модератор» біліктілік санаттарын ойдағыдай қорғап шықтық.
Мектептің жүрегі ұстаз десек, мектеп мерейін үстем ететін ол, әлбетте шәкірттері. Осы орайда, Жайық Бектұров атындағы №3 қазақ орта мектебінің оқушылары түрлі жарыстарда жүлделі орындардан көрініп, мектеп мәртебесін асқақтатып келеді. Аудандық олимпиадада Нұрдәулет Дәуренбек пен Аружан Амангелдина жеңімпаз атанса, Алматы қаласында өткен «Ақын Қасым Аманжоловтың отты жырлары мен ойлы әндері» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқаудан Балауса Ғалиасқарова мен Ернар Бақытбек жүлделі оралды.
Қай заманда да ұстазға артылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Біз балаға білім беріп қана қоймай, адамгершілік, отансүйгіштік, елжандылық секілді ізгі қасиеттерді бойына сіңіреміз. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған осындай бейбіт заманда ұстаздық қызметімді атқарып жүргеніме, егемен елдің бүлдіршіндерін тәрбиелеуге үлес қосып келе жатқаныма өзімді бақытты санаймын. Тәуелсіз еліміз жасай берсін демекпін!

Бақыт ҚАРЫМСАҚБАЕВА,
Ақкөл қаласындағы Жайық Бектұров атындағы №3 қазақ орта мектебінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар