Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сенімді үзеңгілес дос еді - АРҚА АЖАРЫ

Сенімді үзеңгілес дос еді

1969 жылы Қорғалжын аудандық комсомол комитетінің екінші, бір жылдан кейін бірінші хатшысы болып сайландым. Ол тұста Айдарбек аудандық «Свет маяка» газеті редакциясында қызмет істейтін. Кезекті пленум өткізуге дайындық барысында аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Жакен Балтабаев аудандық комсомол комитетінің екінші хатшылығына Айдарбек Имажановтың кандидатурасын ұсынатынын айтты.

Жасыратыны жоқ, мен бірден: «Екеуміз де педагогпыз әрі оның менен екі-үш жас үлкендігі бар» деп айтқанымда: «Ештеңе етпейді, ол райкомның номенклатура тізімінде бекітілген» деді. Шындығын айту керек, Айдарбек бұл сенімді ақтады. Ол үлкен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында өзін идеология жөніндегі сауатты хатшы ретінде жақсы танытты. 1973 жылы «Соналы» кеңшары партия ұйымының хатшысы болып сайланды, кейін аудандық партия комитеті үгіт және насихат бөлімін басқарды.
Бүгінде өткенді ой елегінен өткізіп отырсам, өмірімнің ең бір қызық әрі табысқа толы жемісті жылдары осы кез екен. Жастықтың жалынды жігері бойды кернеп, уақытпен санаспай еңбек ететін нағыз қайратты шақ еді ол. Сол жылдлары біз орта мектеп бітірушілердің «Қой шаруашылығы – екінші тың», «Мал өсіру – жастардың төл ісі» деген үндеулерін қолдап, «Баршын» кеңшарында «Ауыл қарлығаштары», Аршатыда «Сарыарқа», «Соналы» кеңшарында «Жастолқын», Қорғалжын кеңшарының Ақтүбек бөлімшесінде «Армандастар» атты комсомол-жастар шопандар бригадасын ұйымдастырдық.
Ең басты мақсат бригада мүшелерін жоғары оқу орындарына сырттай оқуға түсіру еді. Бұл міндетті іс те сәтті шешілді. Жас шопандардың қарауында жеті мыңға тарта қой басы болды. Оларға арнап қызыл отау үшін жаңа вагон, көшпелі монша, электр қондырғы, жылы жұмыс киімдерін алдыртып, кеңшар басшыларының көмегімен басқа да қажетті тұрмыстық жағдайлар жасауға тырыстық. Бір құптарлық жай, сол уақытта Айдарбек бойдақ, жиі іссапарға шығып, жаңадан құрылып жатқан бригадаларды аралап, сонда қона жатып жүрді. Тұңғыш рет аудан жас шопандарының бірінші слетін өткіздік.
Екінші бір ерекше есте сақталар сәт – ол арман қуған жас қыз-келіншектердің «Тракторшы мамандығын меңгерейік!» деген ұраны болды. Бұл бастама бойынша кеңшарларда жиналыс өткізіп, көптеген жастарды комсомолдық жолдамамен №116 механизация училищесіне (кейін СПТУ атанды) оқуға жібердік. Қысқа курсты тәмамдаған механизаторлар ауылдарында комсомол-жастардың трактор-егіс бригадаларын құрып, жақсы еңбек етті. Олардың қатарынан кейін есімдері елімізге белгілі танымал еңбек майталмандары: «Аманкелді» атындағы кеңшардың тракторшысы, Мәскеуде өткен Бүкілодақтық комсомолдың XVI съезінің делегаты, СССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ленин орденінің иегері Наталья Геллерт, Сабынды ауылының тракторшысы, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты Тәттібала Бейсенбекова, «Қарашалғын» кеңшары Қарғалы бөлімшесінің тракторшысы, облыстық комсомол комитетінің мүшесі болған Бақыт Сағатова, тағы басқа да көптеген еңбек озаттары шықты.
Тағы бір қарбалас қауырт шақ – жазда құрылыс отряды студенттерін қарсы алып, оларды орналастыру болатын. Жыл сайын бізге Мәскеуден Бауман атындағы жоғары техникалық училищесінің (МВТУ) студенттері келетін. Әдетте, олардың орталық штабымен бірігіп, жұмыс істеу қиын болатын. Өйткені, отряд командирлері мен комиссарларының қоятын шарттары өте жоғары әрі біздің жағдайға сай келмейтін.
Міне, осындай күрделі игі істердің басы-қасында Айдарбектің әрдайым менімен болғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Ол табиғатынан елгезек, еңбексүйгіш, қашанда ойын ашық айтатын үлкен жүректі азамат еді. Ал екі тілде жазуға келгенде алдына жан салмайтын. Көлемді баяндамаларды бұрқыратып тез жазып тастайтын. Үлгермеген жағдайда жұмыстан кейін үйіне алып кетіп, ертеңінде дайындап алып келетін.
Әсіресе, ол орынсыз мақтағанды, жалғандықты жақтырмайтын. Сол адалдығы үшін достары оны қатты сыйлайтын. Қызмет бабында түрлі жағдайлар болады ғой… Бірде 19 мамыр күні пионерлер слетін өткіздік. Сол жолы Куйбышев атындағы орта мектептің пионерлер ұйымы аудан бойынша «Үздік пионерлер дружинасы» деп танылып, бірінші орынды жеңіп алды. Мерекелік шеру аяқталғаннан соң мектеп директоры: «Енді пионерлер бөлмесінің безендірілуін, басқа да шараларды келіп көріңіздер» деп «Қорғалжын» кеңшарына шақырды. Аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Балкен Игенбаев екеуміз жолға аттанар алдында:
– Комхоз басшыларына біздің алғысымызды жеткіз. Райком алдындағы алаңда құрылған трибуна мінбелерін жинап әкетсін, – деп Айдарбекке тапсырып кеттім.
Қысқасы, сол күні кешке қатты жел тұрып, трибунаның артқы қабырғасы құлапты. Сонымен бірге, үлкен үлгіде жасалған Лениннің портреті жерге түскен ғой. Осы көріністі көргендер райкомға телефон шалған. Ертеңінде мені, Айдарбекті, пионер және оқушылар жұмысы жөніндегі хатшы Надежда Наливайко үшеумізді райкомның бірінші хатшысы шақырды.
– Бұл не масқара? Қайда жүрсің? – деп бірінші менен бастады. – Лениннің суреті жыртылып, жерде жатыр. Осы үшін сен партбилетіңнен айрылатыныңды білесің бе? – деп қуырсын-ай, келіп.
Кенет Айдарбек орнынан тұрып:
– Әділхан Кенжебайұлы, кешіріңіз, мен кінәлімін. Комхоздың меңгерушісі Жаскен Күнеділовке «Мінбелерді жинап әкетіңіздер», – деп телефон соққанмын, – деді.
– Ендеше, неге орындалуына дейін қадағаламадың?..
Бізде үн жоқ. Әйтсе де, Айдарбектің сөзінен кейін бірінші хатшы аз да болса райынан қайтты.
Рас, комсомол бізді біраз ширатты, дос қылды, нағыз өмір мектебі болды деп айтсам да, артық емес сияқты. Қайран, шіркін, жастық шақ.
Бүгінде байқап отырсам, ол бір жалынды, қызыққа да қуанышқа толы жылдар ұмытылмас шексіз бақытты күндеріміз екен. Әлі есімде, бірде Айдарбектің апасы Қырмызы келіп:
– Кеше Айдарбек қаладан келін әкелді. Түскен келініміздің туған жездесі Бақыт Жүнісов деген Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы екен. Сол кісі: «Балкенді алып қашты ма, анықтаңдар» деп өкіл жіберіпті, – деді.
– Келіннің көңіл-күйі қалай?
– Жаман емес сияқты…
– Олай болса, көп абыржымаңыздар, мен кіріп шығайын, – дедім.
Көп кешікпей Балкен мен Айдарбектің үйлену тойын тойладық. Ертеңінде райкомның кезекшісі болуы керек: «Сізді Ақтан Төлеубаевич іздеп жатыр» деді. «Не болып қалды екен? Әлде түнде тойда бір жағдай дұрыс болмады ма?» деген күдікті оймен бірінші хатшының кабинетіне кірдім.
– Бименде, екінші хатшың үйленгенде сен ұйықтап жатырсың ба? Кешегі жалпы үйлену тойы болды. Енді бүгін «Комсомольская свадьба» жасамайсыңдар ма? – деп әзілдеп күлді.
– Жасаймыз, Ақа. Мен хабарласамын, – деп тездетіп, Айдарбектің үйіне жеттім.
– Төрлет, келгеніңе рахмет. Қазір бас жазамыз, – деп Теміржан аға қуанып қалды.
– Тоқтай тұрыңыз. Мен жалғыз емеспін. Қазір Ақтан Төлеубаевичті, Бижікенов Ермек ағайларды алып келемін. Басқа да қонақтар болуы мүмкін. Бүгін біз үйлену тойын комсомолша жасаймыз, – дедім.
– Е… дұрыс болған екен. Қорадағы қойды жылдамдатып сойғызу керек, – деп Айдарбектің ағасы Темекең тысқа шығып кетті.
Сөйтіп, Айдарбек пен Балкеннің үйленуін екі рет тойладық. Көп ұзамай төрт қабатты үйдегі өзім тұрған пәтерді босатып беріп, жас жұбайлардың қоныс тойын тағы да тойладық.
Міне, алты Алашқа тән қонақжайлық, «Қазақтың тойы бітпесін» деген бата тілегі осы-ау, сірә!
Еліне аянбай еңбек еткен айтулы асыл азамат, ардақты ата, аяулы әке, ордалы шаңырақтың иесі, адал жар бола білген Айдарбек Имажановтың бүгін ортамызда жоқ екені өкінішті-ақ. Бірақ, қолдан келер амал, шара жоқ. Ендігі айтар бар тілек: «Жатқан жерің жарық, топырағың торқа, жаның жәннатта, тәнің рахатта, бақұл бол, досым» демекпін.
Бименде ҚАЗАНҚАП,
зейнеткер.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар