Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүгедектердің мүддесіне көңіл бөлінеді - АРҚА АЖАРЫ

Мүгедектердің мүддесіне көңіл бөлінеді

Еліміздің көкірегі ояу азаматы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында сөйлеген сөзіне қатысты өз пікірімді білдірсем деймін.

Мемлекет басшысы халықты толғандырып отырған көптеген мәселелерге назар аударып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі жан ретінде мені жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиіс екені туралы айтқан ойы ерекше толғандырды.
Осы орайда менің айтайын дегенім, квота бұрыннан бар болатын. Мәселен, мекемеде 100 адам еңбек ететін болса, соның 3 пайызы мүмкіндігі шектеулі адамдар болуы керек. Өкінішке орай, бұл қағида көп жылдар бойы іс жүзінде орындалмай жататын. Соңғы кездері осы мәселе жиі көтеріліп, мемлекет тарапынан көңіл бөліне бастады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға шамаларына қарай жұмыстар ұсынылуда. Мемлекет басшысының жарымжан жандарды назарынан тыс қалдырмай, көңіл бөліп жатқанына шын жүректен қуаныштымын.
Ең бастысы, сең қозғалды. Мүгедек жандардың мәселесі бірте-бірте шешілетініне сенемін. Тағы бір жағымды жаңалық, келер жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы мемлекеттік сатып алудан шығарылып, әлеуметтік қызметтер порталына енгізілмекші. Ол жерде мүгедек жандар барғылары келген шипажайды өздері таңдайды. Сонымен қатар, шипажайларға өздерімен бірге көмекші ертіп апару мәселесі де қарастырылуда екен.
Бәрін мемлекетке сілтей салуға болмайды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Үкіметтен жәрдемақы алып отырсыздар ғой. Осы ақша сіздерге жетеді» деп сылтау айтып, жұмысқа алғысы келмейтін жекеменшік серіктестіктер де бар. Енді, Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтқан қадау сөздерінен кейін олар да ойланады деген үміттемін.
Жақсыбай АЙТҚОЖИН,
Қазақ зағиптар қоғамының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар