Болашаққа нық қадам

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық комиссияның екінші отырысында көп балалы ата-аналарға жәрдемақы тағайындауда отбасының табыс көлемін ескермеу, бұған қоса тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсыныстарды қолдады.

Біз Көкшетау қаласының тұрғынымыз. Өз басым «Алтын алқа» иегерімін. Он баланы тәрбиелеп өсіру, оларға білім беру оңай-оспақ шаруа емес. Өзімізде қарапайым еңбекқор отбасында тәрбиелендік. Күні кеше Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық комиссияның екінші отырысында атаулы көмек көрсету, әсіресе, мұқтаж балаларға, оның ішінде көп балалы отбасылардан шыққан балаларға нақты көмек көрсету міндеттері белгіленді. Жасырары жоқ, қазіргі таңда көп балалы отбасыларына көп көңіл бөлінуде. Мәселен, биылғы жылы тұрмыстық қажеттілікке алынған несиелер де кешіріліп, өтелді. Баспана да беріліп жатыр. Ағымдағы жылы баспаналы болғандардың бірі менмін. Қазақ халқы әр баланың өз несібесі бар деген емес пе…
«Көп балалы отбасылар табысына қарамастан, балалардың санына байланысты мемлекет тарапынан жәрдемақы алатын болады. Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайында АЕК мөлшерлемесі бойынша 42 мың теңгеден бастап, 74 мың теңгеге дейін ақшалай көмек беріледі», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың мектепке дейінгі жастағы балаларына азық-түлік жиынтығы мен басқа да қажетті заттар қарастырылған. Ал, оқушыларға мектепте тегін ас, қоғамдық көліктерде ақысыз жол жүру және тегін мектепке қажетті киім-кешек пен жабдықтар, кітап-дәптерлер беру секілді мәселелер беріледі. Мұның барлығын мемлекет өтейді. Осының барлығы ел үшін атқарылып жатқан елеулі істер екендігіне дау жоқ. Болашаққа нық қадаммен ілгері бастайтын ілкімді істер көп болғай!
Светлана ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ,
«Алтын алқа» иегері, көп балалы ана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар