28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні

«Бек Эйр» әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен ұшып шыққан ұшағы 07:05-те апатқа ұшырады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты. Президент ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатындығын және апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылғандығын айтты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.
«Алматы әуежайынан ұшып шыққан «Bek Air» әуе компания-сы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», – делінген Елбасының көңіл айтуында.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. «Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді Д.Назарбаева. Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барлық депутаттық корпус атынан Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Төменгі Палатаның баспасөз қызметі.
Ұшақ апатына орай арнайы комиссия қазір жұмыс істеп жатыр. Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Ұшақ екі қабатты құрылыс нысанына соғылған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жұмыстары жүзеге асырылуда. Оқиға мән-жайы анықталғанға дейін осы типтегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.
Алматы әуежайының президенті ұшақ апаты туралы мынаны айтты. Әуе кемесінің командирі Мұратбаев, екінші ұшқыш Молдағұлов, 3 борт-серік болған. Барлығы 5 экипаж мүшесі болды. Бортта 93 жолаушы отырған. Оның ішінде 85 ересек адам, 5 үлкен бала, 3 кішкентай бала. Бортта 603 келі багаж, 613 келі жүк болған», – деді Болат Ержанов. Оның айтуынша, рейске тіркеу 5:35-те басталған. «Ұшақ 7:21-де әуеге көтерілді. 7:25-те қауіп дабылы қағылды. 7:40-та ұшақ радардан жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірінші әуежай қызметкерлері жетті», – деді әуежай басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар