Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аяқ киім қорабынан шығатын түйіршіктердің де пайдасы бар - АРҚА АЖАРЫ

Аяқ киім қорабынан шығатын түйіршіктердің де пайдасы бар

Жаңа аяқ киім сатып алғанда қорабынан қалташаға салынған түйіршіктер шығады. Жеуге болмайтын нәрсе болғандықтан, аяқ киім алғанымызға қуанып, қалташаны қоқысқа тастай саламыз. Ал, егер қалташаның пайдасын білсек лақтырмас едік. Ендеше, байқап көрелік.

► Мұның ішінде кремний диоксиді, яғни. силикагель бар. Ол кептірудің таптырмас құралы. Тек аяқ киім емес, барлығын құрғата алады.
► Орамалдар тұратын сөреңізден ылғалдық сезсеңіз, осы қалташаны жай ғана орамалдардың жанына қоя салыңыз.
► Егер көлігіңіздің терезесі буланып кете беретін болса, көмекшіңіз – силикагель. Қалташаны көлікке салып қойсаңыз, терезе булануымен мәңгілікке қоштасасыз.
► Ұялы телефоныңыз суға түсіп кетсе, еш қам жемеңіз. Әлгі қалташамен бірге телефоныңызды қорапқа салып қойыңыз, болды.
► Ескі фотографияларыңыз уақыт өткен сайын өңін жоғалта беруі мүмкін. Бұл мәселенің де шешімі – екі-үш қалташа силикагель.
► Косметика және қырыну құралдары салынған қорапқа қалташаны салсаңыз, олардың жарамдылық мерзімі ұзара түседі.
► Күз, көктем, қыс мезгілдерінде аяқ киіміміз жиі суланып қалады. Мұндай жағдайда аяқ киімге 2-3 қалташа салып қойыңыз.
► Жол үстінде жиі жүретін болсаңыз, бұл қалташаның сізге пайдасы мол. Жуған киімдеріңіз кеппей қалса, оны үтіктеп аласыз, бұл әдіс те ойдағыдай нәтиже бермеуі мүмкін, содан ылғал киімді сөмкеге салып алсаңыз, жағымсыз иіс пайда болады. Осындай жағдайда олардың жанына силикагельді қоссаңыз, қажет жерге жетем дегенше киіміңіз құрғап тұрады.

Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар