Ұшақ апатының салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы
Алматы облысының Талғар ауданында жолаушылар ұшағының апат болуы салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 28 желтоқсанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев.
Нұр-Сұлтан, Ақорда.