Жаңа жыл балалар үшін ғажайыпқа толы мереке. Осыған орай жер-жерде, балабақшалар мен мектептерде мерекелік шаралар ұйымдастырылуда.
Жаңа жылдық ертеңгіліктен облыс орталығындағы «Нұрай» балабақшасының ұжымы да қалыс қалмай, Аяз ата мен Ақшақардың киімін киіп, бүлдіршіндерге зор қуаныш сыйлады. Балабақша тәрбиеленушілері Аяз атаға Жаңа жыл туралы тақпақтарын айтып, сыйлықтар алды.
Бұл күні ата-аналардың да қуаныштарында шек болмады. Балаларының өнерлерін тамашалап, мәз-мейрам болған олар тәрбиешілерге шексіз алғыстарын жеткізді.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Фото автордікі.