Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұлдызыңыз жоғары болсын! - АРҚА АЖАРЫ

Жұлдызыңыз жоғары болсын!

Қазақта тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі көп жағдайда дәл келген. Шынында да тышқан жылында қиыншылық, жаугершілік, аштық көп болмады.

Тышқан жылының мыңдаған жылдық тарихына назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз, молшылықта өткен. Қанжығалы Бөгенбай батыр тышқан жылы (1684) туса, Төле би тышқан жылы (1756) қайтыс болған, алғаш Қазақ ордасы 1456 тышқан жылы құрылған.
Жыл санау туралы деректер VIII ғасырдағы «Күлтегін» ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі. Ал, осыдан 5 ғасыр бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабында мүшел жыл белгілерінің ерекшеліктеріне қарай адам мінезі сипатталған.
«Сумақы (тышқан). Мүшелдік жыл сумақыда жымысқы қулық, күндіз үйкүшік, әшкере харакеті аз, түнде жасырмалы харакеті көп, суыққолдылығымен қарақшылық жегіштігі мол, дәулет жиғыштығы күшті. Әлдіден қорыққыш, әлсізді басынғыш, һалал, һарам шикілі-пысылы талғаусыз жегені ас болатын, өсексіз болса да ұластырмалы айласымен елді шулатқыш, қырқыстырғыш. Ар-ұяты аз, шімірікпес, лыпылдаған сайқал, күлді-көмеш қулықтар мінездемелік әйгіленшілер көбірек болмақ», – деп жазды Тілеуқабылұлы.
Астролог мамандардың мінездемесіне сәйкес, тышқан жылы туғандардың мінезі тік, алғыр, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін мол жауапкершілікке ие. Ал, жаман қасиеттері – қызғаншақ, сатқын, кейде шыдамсыз, қырсықтау.
«Әділ, кең пейілді, жомарт жүректі және өз-өзін басқара біледі. Әркіммен тіл табыса білетін қасиетінің арқасында таныстары жетерлік. Бірақ нағыз досқа мұқтаж. Ақыл-ой жағынан алып бара жатқан ерекшелігі болмағанымен, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтынына көпшілік тәнті. Үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш. Олардан жақсы саудагер, жазушы, сыншы және публицист шығуы мүмкін», – дейді мамандар.

Әр адам Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Әрине, ішінен арман, мақсаттарының орындалғанын қалайды. 2020 жыл сізге не әкеледі? Қандай қуанышты оқиға күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстау керек? 2020 жыл қандай болады? Ендеше, Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 2020 жылға арнаған жұлдыз-жорамалымен таныс болыңыздар.

Тоқты ұзақ күткен өзгерістерді қабылдауға әзір. Өміріне ене бастаған мақсаттары мен арманының жетегіне ілеседі. Кәсіби саладағы істер жеміс әкеледі, жаңа бағытта жұмыс істеп, жаңа дүниені меңгереді. Біліктілігін жетілдіреді. Кәсіби рөліңіз көпшіліктің алдында болуға міндеттейді. Жастар өзіне жаңа дос табады. Қаржы мәселесі тұрақты болады. Отбасылық қарым-қатынас енді сізге маңызды болады.
***
Торпақ туған-туыстарының проблемасына басқасынан гөрі көбірек алаңдайды. Өзгерістер мен күтпеген оқиғалар мазалайтын болады. Бақытты жағдайдағы адамдардың қатарына енеді. Айналасындағылар қызығып, көре алмауы мүмкін. Осы жыл өз ұстанымын бекітетін жыл. Творчестволық өсу жағынан да, кәсіби жағынан да. Беделді серіктесті өзіне қаратады. Серіктестік қатынас қай жағынан болса да сәттілік әкеледі. Отбасында жаңа туысқан пайда болады. Демалысқа қатысты сапарлар күтіледі. Жаңа жылда махаббатта жолы болады.
***
Егіздер жұмыс бағытын өзгертіп, жаңа мамандықты игеріп, жаңа іс бастағысы келеді. Кейде алға ұмтылысының белсенділігінің күштілігі сондай, тіпті, кейбір адамдар сізден қорқатын болады. Жаңа 2020 жыл өзгерістер мен жаңалықтарға ғана толы болмақ, сонымен бірге, өмірдің жаңа кезеңіне жол ашылады. Жаңа достар пайда болады. Жүрегі жаңа махаббатқа дайын болады.
***
Шаян кәсіби міндеттерді басты назарында ұстайды. Бұрынғы жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер іздейді. Тәуелділіктен, кәсіби серіктестіктен құтылуға тырысып, бар жағынан тек өзіне ғана сенім артады. Бар күшін алдына қойған мақсатын орындауға жұмсайды. Сөйтіп, қаржы мәселесін жақсартуда бірқатар жеңіске жетеді. Жаңа жылда материалдық жағынан табысты ұсыныс түседі.
***
Арыстан жағдайын жақсартуға, өмірін жөндеп, реттеп, өзгеріс жасауға тырысады. Көбісі осы жылда көшіп, үйреншікті өмірін өзгертеді. Жоспарларының көбісі орындалады, әсіресе, кәсіби салада, жинаған нәрселері мен меңгерген дүниесі іске асырылады. Қимылы шапшаң, таң қалдырарлық және тәуелсіз болады. Сізді түсіну, ниетіңізді ұғу, тәрбиелеу басқаларға қиын болады.
***
Бикеш өзінің дәстүрлі консерватизмінің салдарынан тым бірбеткей болып көрінуі мүмкін. Өзге адамдар оның ұстанымын, көзқарасын түсінбеуі мүмкін. Бикеш шынайы өмірден алшақ болады. Өзінің ойындағы нәрсеге ғана сенеді. Міне, мәселе сонда. Сіз әрдайым өткен күнді ойлайсыз, сондықтан, бәрін кейінге қалдыра бересіз. Ал, жеке өмірде тек өз ойыңызға сене бермей, қасыңыздағы адамға да сенім артқаныңыз жөн.
***
Таразы. Бұл жылы жаңа мамандықты игересіз, бағалы және ұзақ күткен құжатқа қол жеткізесіз. Еркіндікті сезінесіз. Яғни, еркін әрекет жасайсыз. Өз бағдарламаңыздың аясында бірқатар нәтиже көресіз. Қызығушылық танытқан серіктестеріңізбен бірге маңызды жобаны аяқтайсыз. Қаржы мәселесін шешесіз. Отбасылық қарым-қатынас маңызды болмақ. Өзіңіз кезінде басты ереже деп санаған дүниеңізді өзгерте алмайсыз. Оны өзіңіз орнатқансыз. Сондықтан, қанша сезіміңіз болса да, еш нәрсе өзгерте алмайсыз, жеке өмірде.
***
Сарышаян кәсіби қарым-қатынастарды нығайтып, біліктілік қызметке бар назарын аударады. Әрдайым ізденісте, талпыныс-
та болады, ішіндегі идеяларын жүзеге асырудың бар мүмкіндігін іздейді. Бұрыннан таныс одақтас, ол шетелден болуы да мүмкін, сол адамнан жақсы ұсыныс түседі. Бұл жылы өзіңіздің дұрыс әрекет етіп жүргеніңізді дәлелдейсіз. Көп жылғы мақсаттарыңыз айқындалады. Өзіңіздің танымалдылығыңыз табыс әкелуі мүмкін. Біреудің көмегінсіз, өзіңіз ғана қол жеткізген дүниеге жұрт көңіл аударады. Өзгелерге үлгі боласыз. Осы жылғы кездесулер тағдырыңызға өзгеріс әкелуі мүмкін.
***
Мерген қалтқысыз, өте маңызды қарым-қатынастарды сақтап қалады. Көп нәрсеге тиіскізбей, түрткізбей, сараптамаға салғызбай қызғыштай қорғайсыз. Бұндай ұстаным көптеген мергенге тән болмақ. 2020 жылы көп нәрсе өзгереді. Сезіміңізді жасыруға мәжбүр боласыз.
***
Тауешкі өзіне нық сенімді. Ұстанымыңыз тұрақты және мықты. Бірақ болып жатқан нәрсеге көңіліңіз толмайды. Жұмысты сылтауратып, кездесулер мен келіссөздерден қашасыз. Қарыз міндеттеме- лері алаңдатады. Денсаулыққа көңіл бөліңіз. Ол асқынуы мүмкін. Отбасылық сыйлық, мерейтой маңызды болмақ.
***
Суқұйғыш өткенде болған оқиғаларды сағынып, өз-өзіне таң қалады. Өзгенің пікірін елемейсіз. Алайда, өздігіңізбен әрекет етуге шамаңыз жетпейді. 2020 жылы сізге бетбұрыс қажет. Дене шынықтыру мұңнан арылтады. Бір міндеттемеге ұмтыласыз. Мысалы, шет тілін үйренуге, музыкалық аспапта ойнауға. Шығармашылыққа жаны жақын адамдарды жетістік күтіп тұр.
***
Балықтар өмірінде көп нәрсе өзгеріске ұшырайды. Барлығы жаңа жағдайға, ережелерге үйренісе бастайды. Қоштасу, туыспен ажырасу орын алуы мүмкін. 2020 жылда өзіне жаны жақын адамды іздеумен болады. Жоспарланған сапарлар күтілуде. Достардың белсенділігі артады. Жақын адамына көмектесіп жүріп көп нәрсені шешеді. Шынайы сезімін жасырады, қолда барына шүкір етеді.
Интернет материалдары бойынша дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар