Сақтандыру жүйесіне 8,08 миллиард теңге аударылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақмола облысында халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қамтамасыз етілуінің жаңа моделі жұмыс істейтін болады. Оны енгізуге арналған дайындық жұмыстарының төрт жылында облыста жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 29 қарашасына дейін Ақмола облысы МӘМС жүйесіне 8,08 миллиард теңге аударды. Мұның бәрі жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жарналары есебінен жүзеге асуда. Жұмыс берушілердің жарналары – 7,7 миллиард теңге және жеке кәсіпкерлердің салымдары – 347,6 миллион теңге. Ал, республика бойынша жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жарналарының жалпы сомасы 234,2 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ, облыста мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың 28 қарашасындағы жағдай бойынша салық төлеуде 2053 қарыз берушілер бары анықталды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 92-бабында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңнаманы алғаш бұзғанда ескерту берілетіні, ал, бірнеше рет заң бұзылған жағдайда айыппұл салынатыны айтылған. Оған қоса, егер салық төлеушінің банктік шоттарына төлемдер бойынша берешек болса, кез-келген ақша операциялары заңнамаға сәйкес берешектер өтелгенге дейін тоқтатылатыны да белгілі.
Жалпы, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа тізімін жасау кезінде осы қызметтерге толық тексеру жүргізілді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің көлемі барлық тұрғындар үшін ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады. Оған жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамту және бүкіл қоғамдық орта үшін маңызды ауруларды бақылау кіреді. МӘМС медициналық көмектің басқа да тізімін қамтиды және әрбір сақтандырылушының өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, тағы бір айтарымыз, Қазақстанда енгізіліп отырған жүйе адалдық пен ынтымақтастық қағидаттарына негізделген. МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының салым мөлшеріне байланысты болмайды. Бұл шегерімдер тұрақты түрде жасалынса жеткілікті. Міндетті медициналық сақтандыру әр сақтанушыға кірісінің мөлшеріне қарамастан, медициналық қызметтердің бір пакетіне құқық береді.
Қазіргі таңда МӘМС жүйесін енгізуде медициналық ұйымдардың компьютерлік техниканы және ақпараттық жүйелерді пайдалануға дайындығы артып келеді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында Ақмола облысында «ЦИТ Даму» серіктестігінің әзірлеуімен кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілді. Қазіргі таңда тіркелген тұрғындардың жалпы санының жүз пайызға жуығына денсаулық пас-порттары толтырылған. Сонымен қатар, «Damumed» мобильді қосымшасын орнатқан халықтың біраз бөлігі белсенді-интернет тұрғындары екені айқын. Оған қоса, «ЦИТ Даму» серіктестігі «Saqtandyry» ақпараттық жүйесімен КМИС интеграциялау бойынша жұмыс жүргізді. Оның негізгі міндеті МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін анықтау алгоритмін жүзеге асыру болып табылады. Облыс бойынша 90 пайызы компьютерлік техникамен қамту 90 пайызды құрайды. Сондықтан, 996 дербес компьютерді жеткізуге «ATEКO» серіктестігімен келісім-шарт жасалды. 2019 жылдың соңына дейін олар медициналық ұйымдар арасында таратылады.
Сонымен қатар, бүгінде облыста мәртебесі жаңартылмаған 24 705 азамат бар. Мәселен, мәртебесі жаңартылмаған адамдардың ең көп бөлігі мына санаттағы азаматтардан байқалады. Айталық, 10013 адам формализациялаудан бас тартса, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке қосалқы учаскелерден – 6528, кеткендері – 5283, жалданған жұмысшылар – 1858 адам. Олардың құжаттарын жаңарту жұмыстары әлі де жалғасуда.
2019 жылдың барысында бірыңғай жиынтық төлем өсті. Бүгінгі таңда оны 9351 адам төлеген. Осылайша қалада айына 2525 теңге немесе ауылда 1263 теңге төлейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар МӘМС жүйесінің толық қатысушысы бола алады. Оған қоса, бірыңғай жиынтық төлемнің үлкен артықшылығы – барлық салықтар мен шегерімдер осы сомадан есептелгенінде. Демек, 10 пайызы жеке табыс салығы болса, 20 пайызы әлеуметтік аударымдар, 30 пайызы міндетті зейнетақы жарналары, 40 пайызы міндетті медициналық сақтандыру төлемдері. Сондықтан, өз мәртебесін жаңартудан бас тартқан азаматтар, 2020 жылы МӘМС енгізілген сәттен бастап, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген минималды пакетін ғана ала алады.
Сонымен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС механизмі іске қосылады. Осыған орай, тұрғындардың сақтандырылу туралы сауалдары артып келеді. Сондықтан, МӘМС-ке қатысты сауалдарды Сіз облыстық немесе байланыс телефондары ақпарат графикасында көрсетілген бірыңғай байланыс-орталығына телефон шалып, ақпараттық кеңес алуыңызға болады. Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықты өзектендіру мен алға қойылған міндеттерді шешуде, әсіресе, БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді назарда ұстайтын боламыз.
Нұрлан АҚЫЛБЕКОВ,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ-ның Ақмола облыстық филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар