«Anticor ortalyǵy» сервистік орталығында Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары, республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Арман Бердалиннің және департамент жанындағы өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңесте департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов департамент қызметінің қағидаттары, міндеттері мен негізгі бағыттары туралы қатысушыларға ақпарат берді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік штаб мүшесі Ғалым Бекмағамбетов сөз сөйлеп, штабтың қоғамның түрлі топтарымен өзара іс-қимылының нақты тетіктерін әзірлеу қажеттігін айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы өңірлік штаб төрағасы Ғосман Төлеғұл айтып берді.
Кездесу соңында қатысушылар өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жұмысын одан әрі жүргізу бағдары туралы пікір алмасып, көптеген азаматтарды, соның ішінде жастарды тартуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.