Өңір өнерпаздарында жүлде көп

Облыстың көркемөнерпаздары «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайларының ұжымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Заманауи Қазақстан жаһандық әлемдегі» арнайы жобасы аясында Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи қалаларында, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында, Моңғолия, Польша Республикасында, Түркия Республикасының Анталия қаласында, Грузия Республикасының Батуми қаласында өткен халықаралық фестивальдер мен байқауларына қатысты.
***
«Полянка» балалар үлгілі хореографиялық ұжымы Қазан қаласында өткен «Танцемания» атты хореография өнерінің халықаралық байқауында «Халықтық стилизация» және «Эстрадалық би» номинацияларында І дәрежелі лауреат дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар, бұл ансамбль би мәдениетінің жоғарғы органы CID – Халықаралық Би Кеңесінің мүшесі титулына ие болып, 2020 жылдың маусымында Мәскеу қаласында Кремль мемлекеттік сарайында өтетін Гран-При кезеңдерінің финалына қатысуға шақыру алды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қос алқа – 2019» республикалық телевизиялық би байқауында «Шалқыма» халық би ансамблі Гран-При жүлдесін ұтып алды.
***
«Көкшетау» облыстық мәдениет сарайының «Он алты қыз» халықтық би ансамблі «Танцуй всей душой – Алматы» халықаралық хореографиялық өнер байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды және 2020 жылы Анталия қаласында өтетін «Танцуй всей душой» халықаралық хореографиялық өнер байқауының финалына қатысу сертификатына ие болды.
***
«Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Ақмола облыстық орыс драма театрының театр өнерін көпшілікке паш етуге және этносаралық театр байланысын нығайтуға мүмкіндік беретін «Шекараны кеңейте отырып» жобасы жүзеге асырылды. Театр 2019 жылдың мамыр айында Татарстан Республикасының Буинск қаласында өткен «БУА: Диалог кеңістігі» ұлттық театрларының ІІІ халықаралық фестиваліне қатысты. Сонымен қатар, Ақмола облыстық орыс драма театры қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша «Қаңбақ шал» ертегісімен режиссер Антон Зайцев, «Волжская сказка» халықаралық театр фестиваліне қатысты (РФ Чувашия Республикасы, Чебоксары қ.) және «Рөлдерді үздік ансамбльдік орындағаны үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды.
Өзбекстандағы Қазақстан жылының аясында театр 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Самарқанд және Ташкент қалаларында Қазақстан атынан қатысты. Облыстық орыс драма театрының актрисасы Александра Букреева «Сахнагер» Ұлттық театр сыйлығының «Үміт» номинациясын иеленді.
***
Ағымдағы жылдың мамыр айында Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры Башқұртстан Республикасының Уфа қаласында өткен «Тулганлык» түркі тілдес елдер театрларының фестиваліне қатысып, «Лучшая хореография» номинациясын иеленді.
***
Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ұжымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Біріккен Араб Әмірліктеріне гастрольдік сапармен барды.Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблі Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қазақстан раушандары» ІХ Халықаралық хореография өнері фестиваль-байқауының «Халық биі», «Стилизацияланған халық биі», «Раушан туралы би» номинацияларында І дәрежелі лауреаттар атанып, «Жоғары кәсіби ұжым» арнайы марапатымен марапатталды. Сонымен қатар, ансамбль Болгарияның Обзор қаласында өтетін «Обзор раушандары – 2020-2021» халықаралық фестиваль-байқауына қатысуға жеңілдік беретін «Болгария-Ресей-Қазақстан» халықаралық шығармашылық жобаларының бас директоры Валентина Стойчеваның атынан сертификат алды.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар