Ауыл клубтарының саны артып келеді

Ақмола облысында 679 мәдениет нысаны, тарқатып айтар болсақ, 274 мәдени-демалыс мекемелері, 368 кітапхана, 21 мемлекеттік архив, 11 облыстық музей, 2 театр, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония, халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы бар.

Салаға қаржы құюдың ұлғаюының арқасында облыстық бюджет есебінен 2019 жылы 12 аудандық мәдениет объектілері жөнделді, оның ішінде 1 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен Зеренді кенті мен Астрахан ауданындағы 2 ауылдық мәдениет нысанын жөндеуге қаражат бөлінді.
Бұдан басқа, бюджеттен тыс қаражат есебінен «Ауыл клубына – біздің қамқорлығымыз» инфрақұрылымдық жобасын іске асыру шеңберінде клуб объектілеріне бизнес-құрылымдар тарапынан 62 миллион теңгеге қолдау көрсетілді. Мәселен, биыл мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында Сандықтау ауданындағы Бастрымовка ауылдық клубының ғимаратын күрделі жөндеуге «Сандықтау» ЖШС-нің директоры, меценат Жамул Мұсханов 21 миллион теңгеге бөліп, ауыл тұрғындарын қуантты.
Сонымен қатар, «Қадам НС» ЖШС-нің директоры Ыдырыс Қожабаев өз қаражаты есебінен Целиноград ауданындағы Жаңажол ауылдық клубына жөндеу жүргізді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қазақ, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, орайы келгенде жомарт жандардың игі істерін атап көрсеткен айып болмас деп ойлаймыз. Мәселен, «Шалқар» ЖШС-нің директоры Дулат Қамзебаевтың бастауымен биылғы жастар жылына орай, Целиноград ауданының Шалқар ауылында жастарға арналған бос уақыт Орталығы ашылды. Сонымен қатар, осы ауданның Қараменді батыр ауылында «Арыстан» шаруа қожалығының директоры Қанат Темірбаев қараусыз қалған мәдениет үйінің ғимаратына қайта жөндеу жасады. Сөйтіп, соңғы 5 жыл ішінде 63 мәдениет нысаны жетіспесе, қазір бұл көрсеткіш 43-ке дейін төмендеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар