Аймақтың мәдени мұрасын, ән өнерін және халық шығармашылығын сақтау және насихаттау мақсатында облыстық айтыстар, ақындар фестивальдері, мүшәйралар өткізілді.
Қыркүйек айында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында атақты әнші-импровизатор Біржан сал Қожағұлұлының 185-жылдығына арналған «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» атты IV аймақаралық фестиваль өтті. Қазақстанның халық ақыны Көкен Шәкеевтің 95-жылдық мерейтойына және Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, айтыскер ақын Мұса Асайыновтың 90-жылдығына арналған «Айтыстың қос тарланы – Көкен, Мұса» атты облыстық айтыс, Көкшетау қаласының 195 жылдығына арналған «Көзайымым, Көкшетау» ақындар фестивалі, С. Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған аймақтық ақындар мүшәйрасы, 500 домбырашының күйлер орындауымен «Домбыра» архитектуралық композициясының салтанатты ашылуы, «Көкшетау – тал бесігім» атты VI дәстүрлі аймақтық музыкалық фестивалі, әлемнің 9 елінен 20 суретшінің қатысуымен «Бурабай аңыздары» атты I Халықаралық суретшілер форумы, Ресей, Украина және Қазақстан театрларының қатысуымен «TeArt-Көкше» I Халықаралық театр фестивалі.
Сонымен қатар, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, мәдени туризмді дамыту мақсатында, «Бурабай-Даму» визит-орталығы алаңында, ағымдағы жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін 20-дан астам мәдени-маңызды іс-шаралар өткізілді.Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жұлдызды маусым» жобасы жүзеге асырылды. Аймақаралық фестивальдар мен конкурстар өткізілді: фольклорлық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен «KOKSHETAU FOLKFEST» – «Достық керуені», Қазақстанның солтүстік өңірлері өкілдерінің қатысуымен «Бурабай толқындары» эстрадалық әннің жас орындаушыларының ІІ телевизиялық конкурс-фестивалі, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола филармониясының кәсіби ұжымдары өнер көрсетті.