Абай шығармаларына жаңа көзқарас

Қазіргі Қазақстанда ұлттық құндылықтарымыздың және Ұлы Даланың Ұлы есімдерінің жаңғыруы уақытында Абай Құнанбайұлы сияқты көрнекті тұлғаға және оның асыл мұрасына бет бұру өте маңызды. Соған сәйкес, 2020 жылдың 9 қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланған болатын. Мақала да ұлы ақын, дана ойшыл, ағартушы Абайға және оның мұрасына жаңа көзқарас ұсынады. Президент өз мақаласында қазақ халқының тарихында, рухани дамуында Абайдың ерекше орнын белгілеп, оның идеяларын жалпыұлттық құндылықтары ретінде танылатын айғақтап, 10 өзекті ой келтірді. Абайдың 175 жылдығын атап өту ұлы ақынның есімін есте сақтаудағы маңызды қадам.
Жалпы, Қазақстан жаҺандану және дүниежүзілік қауымдастығына интеграциялау заманында, Абай бастаған білім мен ғылым, интеллектуалды тұлға, әділетті қоғам және толық адам идеялары Қазақстанның жан-жақты дамуына серпіліс беретіні сөзсіз екені мақалада анық айтылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап кеткендей, Абайдың 175 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойлау, Ресейде, Еуропа елдерінде «Абай орталықтарын» құру, оның шығармаларын 10 тілге аудару – Қазақстанды, қазақ халқының мәдениеті мен құндылықтарын дүние жүзіне Абай арқылы таныту болмақ. Ал Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясына жаңа көзқарас, Абайды мәдени брендке айналдыру – бұл мәдени санадағы үлкен төңкеріс, Абайдың мол мұрасын зерттеп-зерделеуге үлкен серпіліс береді. Оған дәлел болатыны, Абайдың шығармашылығын егжей-тегжейлі зерттеу және насихаттау, ол әлі өз жалғасын табады деген ойдамыз. «Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» деп түйіндейді оны Қасым-Жомарт Тоқаев. Абайдың ірі және асыл мұрасы, ұлы есімі болашаққа деген сара жолда маңызды рөл атқаратын факторлардың бірі. Мақалада пайымдалғандай, Абайдың биік мызғымас идеялары мен құндылықтарын ой-елегімізден өткізіп және тұла бойымызға сіңіріп, Абайдың өмірге дүниетанымы және ұстанымдары негізінде болашаққа ілгері қадам басып, дами алатынымыз сөзсіз.
Аслан ӘБУТӘЛІПОВ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті, Ақмола облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар