Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандағы діни экстремизмнің таралуы және оның алдын алудың жолдары - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандағы діни экстремизмнің таралуы және оның алдын алудың жолдары

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматты бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайына шолу» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізуде.
Осы зерттеулер шеңберінде, Қазақстан Республикасындағы діни жағдайларға сараптама беру, діннің деңгейін анықтау сонымен қатар халықтың діни конфессионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым-қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі мен дінаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдары қарастырылады деп күтілуде. Осы зерттеулердің шеңберінде Көкшетау қаласында жергілікті халық арасында дінтанушылармен және сараптамашылармен, мемлекеттің және құқық қорғау органдарының өкілдерімен де дін ауқымы ахуалын сараптау, діндарлықтың деңгейін анықтау, халықтың конфессионалдық бағытын және әртүрлі конфессия өкілдерінің діни ағымдар өкілдерінің қарым қатынасы бойынша конфессияаралық келісім мен төзімділік деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізілді.
Қоғамдық-саяси лексикада діни экстремизм түсінігі жақын арада ғана еніп айтыла бастады да ал БАҚ арқылы бұл түсінік соңғы 20 жыл ішінде кеңінен таралып кетті. Көпшіліктің сенімі бойынша ол барлық елдерде өте актуальды және заманауи қауіптердің бірі болып саналып отыр, тіпті жалпы халықтың 10 пайызы тұрғылықты емес халықтың, дәстүрлілік Еуропаның өзінде де бұл қауіп бар.
Заң тәжірибесінде – діни экстремизм дегеніміз ол кейбір ұйымдардың және жеке тұлғалардың аса жоспарланып дайындалған, зорлық-зомбылық пен немесе зорлықпен діни араздастыққты өршітуге шақыру, діни өшпенділіктің жетегінде жаппай бейберекеттікке, бұзақылықтарға, вандализм актілеріне өздерінің басқа діндерден басымшылдығын баса көрсету арқылы немесе азаматтардың дінге деген қөзқарастары бойынша олардың шектеуліліктері бойынша да кемсіту арқылы болатын әрекеттер. Сонымен қатар, өте көп ретте терроризм актілері мен экстремистік іс-қимылдарды діни экстремизммен байланыстырады, алайда бұл түбегейлі қате, себебі терроризм табиғаты әрқалай, саналуан, және бір қарағаннан да түбі оның тереңде жатыр, және ол көбінше тарихи ретроспективте ол саяси немесе әлеуметтік себептерімен байланыста болып, ешқандай да бір діни жек көрушілікте немесе алауыздық көрінісінде емес болуы мүмкін. Бұл стереотип өте жиі түрде ислам экстремизінде кездеседі. Ислам елінен шыққандар деп аталғандар, кез-келген экстремистік әрекеттерімен автоматты түрде олардың әртүрлі жеке немесе тұрмыстық себептері болып жатса да діни экстремист қатарына жазылып кетіп жатады. Саяси терроризмнің тарихы өте айрықша және көп ғасырлық өзіндік тарихы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №124 «2018-2020 жылдарға арналған «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламасын» қазіргі кезде «2013-2017 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекттік бағдарламасы» ауыстырып отыр. Осы бағдарламаның шеңберінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оның профилактикасы туралы жоспарлар барлық облыс аудандарында жасалынып, бекітіліп оларды іске асыруүшін мобильді топтар құрылған. Осы мобильді топтарды әкімдіктің бөлімдері және прокуратура өкілдері басқарады. Осы мобильдік топтардың қатарына мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім саласының, этномәдениет орталықтары, БАҚ, Жастар ҮЕҰ, және дінтанушылар кіреді. Осы тұста айрықша діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасына аса көңіл бөлініп, әр түрлі әлеуметтік топтарға көптеген лекциялардың оқылуы, телевизиялық каналдардан тарылуы, базарлар, сату орталықтары, вокзалдар т.б., осының бәрі халықтың діни сауатын ашуға көптеп көмегін тигізіп отыр. Тұрғындарға тақырыптық таратпа материалдар, буклеттер, брошюралар, көркем және документальдық фильмдердің көрсетіледі. 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттің дін саласындағы саясатын кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отыр.
Э.Беспаева,
әлеуметтану қорлар орталығының маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар