Тілге құрмет – елге құрмет

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда.

Мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда әр түрлі салалар бойынша іс-қағаздары, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар мемлекеттік тілде жүргізіліп, зор көңіл бөлінеді.
Десек те, әлі атқарар жұмыс аз емес. «Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл», – деген Ахмет Байтұрсынұлы.
Өз тілінде еркін сөйлеуде ата-ананың да рөлі ерекше. Әр ата-ана ананың ақ сүтінен дарыған тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің ешқандай қиындығы жоқ.
Мемлекеттік тілді жетік меңгеруде ортаның, қоғамның әсері мол болып келеді. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты. Халықтың тілін білсең, бүкіл адамзатқа тән көптеген идеяларға қол жеткізуге болады. Ол үшін күнделікті өмірде, адамдардың қарым-қатынасында, мемлекеттік тілді меңгеруді 100 пайызға жеткізу қажет. Мемлекет тарапынан әлі де тілге қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, зиялы қауым тарапынан қандайда бір шешу жолдары ұсынылады деп сенемін.
Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз керек. Ал Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Ол үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.

Жанар ҚАБДЫРАХМАНОВА,
Ақмола облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар