Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен бірқатар кадрлық өзгерістер болды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.