Елбасы көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарабаев Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Ибрагим Жанғоразовтың дүниеден өтуіне байланысты туыстары мен жақындарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Ибрагим Дәуітұлы ерекше еңбекқорлығы мен қабілет-қарымының арқасында қарапайым зоотехниктен ірі өндіріс компаниясының басшысы, сайлаушылар сенімін арқалаған депутат лауазымына дейінгі өнегелі жолдардан өткен абзал азамат еді. Ол еліміздің өсіп-өркендеуіне, егін және мал шаруашылығының дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақ-бірліктің нығаюына көп еңбек сіңірді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді. Оның ғибратты ғұмыры ұрпақтарына әрдайым үлгі болып қала береді деп ойлаймын», делінген жеделхатта.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар