Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барды бар деп бағалайық - АРҚА АЖАРЫ

Барды бар деп бағалайық

Биылғы жылдың 7 қаңтарында өзім сүйіп оқитын облыстық «Арқа ажары» газетінің №2 санында жарық көрген тілші Рамазан Тілеуовтың «Тұрғындар сөзі бір басқа, ауыл әкімінің жауабы бір басқа» атты мақаласын оқып, қолыма қалам алдым.

Қызылегіс ауылының тумасымын, саналы ғұмырымды осы елді мекенде өткіздім. Бүгінгі күні Зеренді селосында тұрсам да, туған ауылыма бүйрегім бұрып тұрады.
Мақалада Қонай Демисинов бұрынғы округ әкімі Теміртас Ахметбеков жөнінде артығырақ кетіп қалған екен. Ағалы-інілілердің арасынан қандай ала мысық жүгіріп өткенін білмеймін. Мүмкін бұл келіспеушілік құдықтың қазылмағанынан, қыс айларында жолдың уақытында ашылмағанынан туындаған болар. Ағайындардың арасын жақындастыруды ауыл азаматтары өз қолдарына алады деген сенімдемін. Бүгінгі күні Теміртас Ахметбеков Зеренді ауданында абыройлы еңбек еткен азаматтардың қатарында. Оған оның омырауындағы қос медаль және өңірдегі елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарында жеткен жетістіктері үшін берілген бірнеше Құрмет грамотасы дәлел.
Соңғы 10 жылдың ішінде ауыл мешіттеріне жөндеу жүргізілді. Қызылегіс пен Ортағаш ауылының мәдениет үйі қалпына келтірілді. Иесіз тұрған 170 үйдің қоқысы 7 жылдың ішінде толық тазаланды. Жылына 2,5 мыңнан 3 мың тоннаға дейін қоқыс сыртқа шығарылды. Өзге де атқарылған жұмыстар баршылық.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, бұрынғы округ әкімі Теміртас Ахметбеков белсенді жан. Оның ұйымдастыруымен «Зеренді Астық», «Новая Эра» серіктестіктері және шағын шаруашылық иелері бірқатар игілікті істер атқарды. Мәселен, кейінгі серіктестік қыс айларында ауылдардың іші-сыртындағы көлік жолдарын қардан тазалады. Қызылегіс-Зеренді бағытындағы күре жолды қар алмау үшін биік болып өсетін ағаш көшеттерін отырғызу қолға алынбақшы. Селолық округ әкімі Талғат Ахметбеков еңбек еткен бір жылдың ішінде округтің үш
ауылы арасындағы жолдар мен ауылішілік жолдарына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Екі көпір жөнделді.
Ауылдардағы қоғамдық ұңғымалар мен көше шамдарын жөндеуге назар аударыла бастады. Әлі де атқарылатын жұмыс жетерлік. Бүгінгі күні ауылға жас мамандарды тарту мәселесі туындап отыр. Мұндайда дипломмен ауылға келген жас мамандарға қолдау көрсету керектігі бесенеден белгілі. Алда басшылармен қоян-қолтық жұмыс істеп, оларға ақыл-кеңес беріп отыру Қонай Демисинов сияқты ауыл ағаларының тікелей парызы деп білемін.
Әрине, осы күні айта берсе, қай
ауылда да олқылық баршылық. Бұл бір есептен, ауылдарға Үкіметтің жете көңіл бөлмеуінен, бөлінген қаржының елді мекендердің өзінің дамуына емес, оның басы-қасындағы фирмалардың керек-жарағына бағытталып жатқанынан. Сондықтан, ауыл дегенмен, ол қаржының қызығын ауыл көре алмауда. Осындай жағдайда жергілікті әкімдерге де жұмыс істеу оңай емес. Себебі, барлық мәселе қаржыға тірелетіндігі анық. Ал, қазір
ауылдар да бюджеттен қаржыландырылады деп айтып жүргенімізбен, біздің ауылдардан сол бюджет қорын жасауға мардымды ақша түсе қоймайды.
Серік МҰХАНБЕТЖАНОВ,
Қызылегіс ауылының тумасы.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар