Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлер бастамасы қолдау тапты - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлер бастамасы қолдау тапты

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу мақсатында тұңғыш рет байланыс тобының жиыны өтті.

Жиынға Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов пен оның орынбасарлары, қалалық ведомстволардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Осы күні Көкшетау қаласында кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін түйткілді мәселелерді шешуде бірқатар қиындықтар туындап отыр. Олардың басым көпшілігі жерге, жерді пайдалануға, сәулет және қала құрылысына байланысты болып келеді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жолданған өтініштердің де дені жер мәселесіне қатысты және жылдан-жылға олардың саны арта түсуде. Сондықтан, байланыс тобының алғашқы жиыны осы жер мәселесіне арналып отыр.
– Бізге келіп түскен сұрақтарды саралай келе, оны жедел шешу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен диалогтық алаң ашу туралы шешімге келдік. Байланыс тобы форматындағы алаңға алдымен, Көкшетау қаласының әкімі бастаған мемлекеттік органдардың өкілдерін шақырдық. Бұл бастамамыз қолдау тапты. Мұндай форматтағы диалог кәсіпкерлердің мәселелерін өз ауыздарынан естіп, оны тиімді әрі жедел шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нахыпбеков.
Алдағы уақытта байланыс тобының кездесулері әр ай сайын өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнес және мемлекеттік органдардың қатысуымен тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Онда бизнестің дамуына кедергі келтірілетін мәселелер қаралатын болады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар