Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер бос жатпай, игеріліп, пайда әкелуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Жер бос жатпай, игеріліп, пайда әкелуі тиіс

Біздің тілшіміз Ақмола облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Бауыржан Ерназаровқа жолығып, жер қатынастары саласындағы 2019 жылғы жұмыс барысы жөнінде әңгімелескен еді.

– Бауыржан Алтынбекұлы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында өткен жылы орман, су және басқа да жер қорлары бойынша қандай құжаттамалық тексеру жұмысы жүргізілді?
– Осы мәселе бойынша облыс әкімінің өкімімен облыстық, қалалық және аудандық жұмыс топтары құрылды. Жұмыс су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу бойынша Нұра-Сарысу және Есіл бассейндік инспекциялары, орман шаруашылығы мекемелері, жер балансының иелері мен жерді пайдаланушылардың мәліметтерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақмола облыстық филиалының жылжымайтын мүлікті тіркеудің және мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметтері базасымен салыстыру жолымен жүргізілді. Орман, су қорының жерлері мен бос жерлерді талдау бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жер заңнамасына сәйкес есепке алу деректері келтірілген, сондай-ақ, жер учаскелерінің меншік иелері сәйкестендірілді. Нормативтік-құқықтық актілер, арнайы деректер базасы, жер-кадастрлық істер деректері негізінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман, су қоры жерлерін пайдалану құрылымы анықталды.
– Жер қатынастары саласында қандай мемлекеттік қызмет көрсетіледі?
– Бұл салада Ақмола облыстық жер қатынастары басқармасы 12 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Осы мемлекеттік қызметтің жетеуі «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда көрсетілуі тиіс. Екі мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, үшеуі қызмет берушінің кеңсесі арқылы қағазда көрсетіледі. Өткен жылы басқарма 35 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде екеуі іздестіру жұмысын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат береді. Он төрті бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасымен келісіп барып береді. Он тоғызы жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасады.
– Конкурстар мен аукциондар арқылы учаскелер қалай беріледі?
– Жерді ресурс ретінде экономикалық айналымға тарту мәселесі жерді ұтымды пайдаланудың маңызды факторы болып табылады. Сауда-саттық (конкурс-тар, аукциондар) өткізу арқылы жерді беру бюджетті толықтырудың жақсы көзі ғана емес, бұрын іске қосылмаған жерлерді ұтымды пайдаланудың ең үздік құралдарының бірі болып табылады. Өткен жылы облыс аумағында ауыл шаруашылығы айналымына 96 982 гектар 167 учаске тартылды. Оның 16 677 гектар алқабы егістік, 78 644 гектары жайылым, 276 гектары шабындық, 1385 гектары өзге де алқаптар. 2018 жылы 37134 гектар 104 жер учаскесі берілді. Аукцион арқылы 430 жер учаскесі сатылып, бюджетке 902 миллион теңге қаржы түсті. Өткен жылы 408 725,5 мың теңгенің 276 жер учаскесі сатылды.
– Жер қойнауын пайдалану, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін берілетін жер учаскелері жөнінде айтсаңыз.
– Бүгінгі күні Ақмола облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру құқына 164 келісім-шарт жұмыс істейді. Өткен жылы 14 учаске берілді. Жер қойнауын пайдаланушылардан ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ретінде бюджетке шамамен 20,6 миллион теңге төленді.
– «Сарыарқа» магистральды газ құбырын салу жұмысы басталды ма?
– Бүгінгі күні халықаралық қаржы институттарының қаржысын тарта отырып, Нұр-Сұлтан қаласын, республикамыздың орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру үшін «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу жобасын іске асыру бо-йынша жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» облыс әкімдігінің қаулысы қабылданып, әділет органына тіркелді. Сондай-ақ, аталмыш жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын есепке алып, бос жерлерді ұсынуды тоқтату мақсатында облыс әкімдігі Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандарында «Жерді резервтеу туралы» қаулы қабылданды.
– Елді мекендердің шекараларын белгілеу жұмысы жөнінде айтсаңыз.
– Бүгінгі күні Ақмола облысының 617 елді мекенінің 184-нің шекаралары бекітілді. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған Ақмола облысының қалалары мен аудандарындағы елді мекендерінің әкімшілік шекараларын белгілеу жұмысын жүргізудің Жол картасы әзірленді. Өткен жылы 61 елді мекеннің шекарасы бекітілді. 2020 жылы 81 елді мекеннің шекарасын белгілеу жұмысын жүргізуге қаржы бөлінді.
Жер қорын пайдалану тиімділігін жақсарту мақсатында басқарма өз құзыреті шегінде жер құқығы қатынастары саласын жетілдіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.
– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген
Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар