Ел заңына бағынуымыз керек

Былтырдан бері қаламызда шетелдік, әсіресе, Армения, Қырғызстан, Ресейдің нөмірін тағып жүрген автомашиналар көбейіп кетті. Менің ішкі пайымым бойынша, бұл көліктердің иелері мұндай қадамның шикілігі болатынын жақсы біледі. Өйткені, қазіргі жастардың көзі ашық, шетелдің заңдарынан да хабардар екендігі анық. Сөйте тұра тәуекелге барады. Себебі, бұл көліктер бізге қарағанда анағұрлым арзан. Қазір де сол елдерге елеңдеп отырған таныстарым аз емес.
Армения мен Қырғызстан ЕуроАзиялық экономикалық одаққа кірер 2015 жылы машиналарға салынатын бірыңғай кедендік баж салығын 5 жылға дейін қолданбауға мүмкіндік алды. Мұның төркініне бойламағандықтан, азаматтар Арменияға барып, сол елден арзан көліктерді елге әкеле бастады. Енді өз еліміздің заңдарына бағынуға тиіспіз. Сондықтан, көліктерді міндетті тіркеу керек болады. Бұл тосыннан болғандай көрінгенімен, ешкім заңнан жоғары тұра алмайды.
Мемлекет тарапынан тиісті мүмкіндік жасау жолдары қарастырылуда. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде ЕАЭО-дан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктерді бір айдың ішінде уақытша тіркеуге қоюы қажеттігін және 2021 жылдың 1 наурызына дейін түпкілікті тіркеулен өткізуі қажеттігін нақтылап берді. Осынау мұрсатты уақытты пайдаланып қалу қажет деп ойлаймын.
Асхат Ыбыраев,
Көкшетау қаласының тұрғыны.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар