Қадірі артқан Қадыр ақын

М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында дарынды ақын, қарымды қаламгер, қазақ ұлтының мақтанышы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай «Қадірі артқан – Қадыр» атты әдеби кеш болып өтті.

Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен әңгіме арқауына арналды. Ақынның шығарған кітаптары көпшілікке ұсынылып, ұтқыр ойлары, жалынды жырлары, афоризмдері жатқа айтылды. Сонымен қатар, Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары мен қала студенттері ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін орындады.
Кешке қала қонақтары, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты. Көкшетау қаласының жас ақындары Қадыр ақынға арналған өлеңдерімен жұртшылықты тәнті етті. Қасиетті сөздің қадірін білген қаламгерді оқырман осылай еске алып, құрмет көрсетті.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретте: кешке қатысушылардың бір тобы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар