Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көшелерді қардан тазалау жұмыстары ширақ жүргізілсін - АРҚА АЖАРЫ

Көшелерді қардан тазалау жұмыстары ширақ жүргізілсін

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап, көше жолдары тазалығын көрді және жолаушы тасымалына байланысты туындаған мәселелер жөнінде жиын өткізді.

Облыс әкімі алдымен «КГС Сауда» серіктестігі қолға алған заманауи үлгідегі көппәтерлі тұрғын үй құрылысының салыну барысымен танысты. Тұрғын үй құрылысының жай-жапсары туралы серіктестік директоры Ғалымжан Көпішев қысқаша баяндап берді.
Одан әрі өңір басшысы Көкшетау автобус паркінде облыстық мәслихат хатшысы Әлібек Баймағамбетовтің және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиевтің қатысуымен жолаушылар тасымалы қызметкерлері арасында қоғамдық көліктердің мәселесі бойынша жиналыс өткізді. Жиында жолаушылардың төлем карточкалары туралы, әсіресе, алдын ала алынатын бір айлық жол жүру билетінің тоқтатылуына орай жолаушылардан көптеген келіспеушіліктер туындап жатқаны ашық айтылды. Қаладағы автобус парктері басшыларының пікірін тыңдаған облыс әкімі Ермек Маржықпаев алдағы екі айда бір айлық билеттердің қолданыста болуын және бұдан былай электрондық нұсқадағы билеттер шығарылып, жолаушылардың жол жүруіне мүмкіндігінше жағдай жасалуын, бірден жаңа үлгіге көшпей олардың жанайқайын да ескеруді тапсырды. Одан кейін қала көшелерінің тазалығына байланысты қаладағы Абай көшесіндегі «Чайка» дүкені алдындағы «Көкше тазалық» серіктестігінің көшелерді қардан тазалау жұмыстарын көрді.
Облыс әкімі Е.Маржықпаев жұмыс сапарының соңында Көкшетау қалалық №1 орта мектебінде салынып жатқан қосымша құрылыс жұмысының барысымен танысып, құрылыс жұмыстарының белгіленген кестеге сай жүргізуді «ОмисСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Шамиль Сафинге тапсырып, алдағы қыркүйек айына дейін құрылысты аяқтау міндетін жүктеді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар