Кеше «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігініңесеп беру — сайлау конференциясында бірлестік президенті мен басқарма мүшелерінің жаңа құрамы сайланды. Клуб президенті ретінде Қазақстан журналистикасы академиясының академигі, белгілі медиаменеджер Бибігүл Жексенбайдың кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ерлан Бекхожин президенттіктен ұйымның жарғысына сәйкес, өкілеттілігінің мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.
Сондай-ақ, Бас редакторлар клубының мүшелері бірлестіктің вице-президенттерін бірауыздан сайлады. Олардың ішінде –«Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық газетінің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы Вячеслав Пащенко, «Sport»-«Спорт» республикалық газетінің бас редакторы Дүйсебай Дүрәлі, «Sakhara» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Кенжеболат Жолдыбай, белгілі блогер Ғалым Байтұқ бар.