Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төтенше жағдайларда жіті қимылдау – басты міндетіміз - АРҚА АЖАРЫ

Төтенше жағдайларда жіті қимылдау – басты міндетіміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын асыға күттім. Бұл құжаттың негізгі өзегі бұл жолы да барша қазақстандықтардың әлеуетін арттыру, тұрмысын жақсарту – еліміздің экономикасын жан-жақты дамытудың жаңа формасын қалыптастыруға бағытталып отыр. Мұнда бүгінгі қоғамдағы барлық өзекті мәселелер қамтылған.

Маған және менің әріптестеріме Мемлекет басшысының табиғи және техногендік апаттардан азаматтарды қорғау мәселелеріне көңіл аударуы қуантты. Өкінішке орай, соңғы жылдары біздің елімізде ғана емес, бүкіл дүниежүзінде табиғи және техногендік апаттар жиілеп кетті. Сондықтан, бұл бағытта тек кәсіби мамандар ғана жұмыс істеуі тиіс.
Үкімет басшысына азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің еңбекақысын Ішкі істер министрлігін жаңғыртуға бағытталған қаржы есебінен көтеруге және ол үшін 40 миллиард теңге бөлу туралы тапсырма берді. Қазіргі кезде, Қазақстан Респуб-ликасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен облыстарда 100-ден астам ведомствоаралық ұйым жұмыс істеуде. Онда отыз мыңнан астам адам қызмет етеді. Олар күн сайын жүзден астам төтенше жағдайларды жоюға қатысады. Осы жылдары тұрғындарды қорғау және ескертудің сенімді жүйесін құрды.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда зор үлес қосуда. Бұған мысал ретінде біздің жас құтқарушыларға үлгі-өнеге болып жүрген аға буынның ерлігін атап өтуге болады. Олар өздерінің білімі және тәжірибесімен бөлісуде аянып қалмайды. Олардың қатарында Сапарғали Асылбеков, Евгений Перлей, Вадим Пранге, Светлана Багинская, Людмила Бутова, Амангелді Жұмалин, Мағзұм Дәулеталиев сияқты бірқатар құтқарушылар бар.
Мысал ретінде айта кетсем, Щучинск қаласындағы отряд басшысы Жанайдар Смағұлов, №23-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Александр Казаков, Көкшетау қаласындағы №1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Назар Жақсыбаев, Астрахан аудандық №7-ші өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Виталий Карпин, Көкшетау қаласындағы №2-ші өрт сөндіру бөлімінің командирі Мереке Шәріпов және Берік Смағұлов, Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару отряды бөлімінің командирі Ержан Толпақов және Мұратбек Испаевтың азаматтық қорғаныс саласына қосып жүрген үлесі зор. Олар өздерінің ерең еңбегімен адамдарды құтқарып қана қоймай, әріптестері алдында үлкен беделге ие.
Қатарымызда осындай адамдардың болуы арқылы құтқарушы мамандығына батыл, ержүрек, табанды және абыройлы жандар ғана сай екенін білеміз. Төтенше жағдайлар орын ала қалған кезде, олар өз өмірлерін қауіпке тіге отырып, өзгенің өміріне араша түсуге тырысады. Бұл біреулер үшін ерлік болса, құтқарушылар үшін күнделікті жұмыс.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Үкіметке «заңнаманы 5G, «Ақылды қалалар», «Үлкен деректер», блокчейн, цифрлық активтер, жаңа цифрлық қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу қажет. Қазақстан технологиялық серіктестік орнату, мәлімет орталықтарын құру және орналастыру, мәліметтер транзитін дамыту, цифрлық қызметтердің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс» деп тапсырма берген болатын.
Бұл «Ақылды қалаларда» төтенше жағдайларға жедел назар аударуға және оны шешуге мүмкіндік береді. Біздің облысымызда Ақкөл қаласында «ақылды қала» жүйесі енгізілді. Мұндағы әр пәтерде су, электр энергиясы, температураны өлшейтін есептегіштер орнатылған. Бұлардан түскен ақпарат бірден ситуациялық орталыққа жолданады. Бұдан бөлек, «ақылды бейнебақылау камерасы» орнатылды. Сондай-ақ, түтін және өртті анықтайтын қондырғылар да бар. Осылар арқылы біздің қызметкерлер санау-лы секунд ішінде төтенше жағдайлардан жедел құлағдар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясатының стратегиялық бағыты гүлденіп келе жатқан еліміздің көздеген мақсаты мен алға қойған бағытының жаңа кезеңі болатыны сөзсіз.
Алексей СОВЕТОВ,
Ақмола облыстық төтенше
жағдайлар департаментінің бастығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар