Ауруханадағы оңалту орталығы

Зеренді орталықтандырылған аудандық ауруханасында оңалту орталығы ашылды. Орталықта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде науқастарға тегін қызмет көрсетіледі.

Ақмола облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мәліметі бойынша оңалту орталығында 20 науқасқа лайықталған кардиология, неврология және травматология бөлімшелері бар. Бүгінгі таңда мұнда 8 науқас емделіп жатыр. Науқастармен реабилитолог, психолог, кардиолог, травматолог және невропатолог дәрігерлерден тұратын команда жұмыс істейді. Орталық қазіргі заманғы тренажер, кардиожүгіру жолы, швед қабырғасы, жаттығу снарядымен жабдықталған. Мануальды терапия, Монтессори және массаж кабинеттері бар. Әр науқаспен жеке жұмыс істеледі. Емдеу мерзімі аурудың сипатына байланысты 8-14 күн аралығын қамтиды.
Сонымен қатар, оңалту орталығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ем қабылдайтын науқастарға оңалтудың екінші және үшінші кезеңі бойынша тегін қызмет ұсынылады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар