Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы.
Балабақша – білім мен тәрбие берудің алғашқы баспалдағы. Сол себепті, Абайдың шығармашылығымен бүлдіршіндер ең алдымен осы бақшадан бастап танысуы тиіс. Осыған орай, Көкшетау қалалық №4 «Еркемай» балабақшасының ұжымы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай – дара, Абай – дана қазақта!» атты іс-шарасын өткізді.
Одан тәрбиеленушілер құнды мәліметтер алып кетті деген ойдамыз. Іс-шара барысында екінші сәбилер тобынан бастап ересектер тобының тәрбиеленушілері ұлы ақынның өлеңдерін жаттап, әндерін айтып өз өнерлерін көрсетті. Осылайша балалар өз қабілеттерін паш ете отырып, қазақ халқының ұлы перзенті Абайды көбірек танып-біле түсті.
С.АҚЫШЕВА,
Көкшетау қалалық №4 «Еркемай» балабақшасының
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.