Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
КІТАП – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ - АРҚА АЖАРЫ

КІТАП – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ

Жиырма бірінші ғасыр. Ақпарат пен жаңа технология заманы. Қарқынды дамып келе жатқан, нақтырақ айтсақ, ақпараттандыру заманында кәдімгі баспадан шыққан кітаптың ауқымдылығы жоғалып бара жатыр деген пікір қалыптасқан. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Жастардың кітапқа деген қызығушылығы жойылып бара жатыр ма, әлде шынымен оқуға тұрарлық кітаптар азаюда ма, кім білсін. Әйтеуір «заман талабы» дейміз де қоямыз.

Өз басым, бұл пікірді қолдамаймын. Шынымен, көркем әдебиеттің бұрынғы заманмен салыстырғанда көптеп оқылмауы бүгінде айқын пікір талас тудырады. Біреулері, кез-келген ақпаратты ғаламтор желісінен-ақ алуға болады десе, кейбіреуі уақыттың тапшылығымен ақталады. Не дегенмен, кітап – бұл рухани құндылықтардың бірі. Бірақ, рухании құндылықты адам өз бойында әртүрлі байытады. Мәселен, тәрбиелік мәні зор фильмдер, өмірде кездесетін жаңа адамдар, тіпті, әлеуметтік желі бізді үйретеді. Бізді бұрынғы ғасырмен салыстыра бермеген жөн, ащы шындық – заман өзгеруде. Мұның бәрі кітаптың орнын баса алмайды, алайда сыни пікір білдермес бұрын, ең алдымен, бойымыздағы барлық стереотиптерді алып тастап, ойланып көрейікші. Мысалы, әр ата-ана баласының сауатты әрі білімді болғанын қалайды. Осы мақсатта «әрбір адам оқуға міндетті» кітаптарды баласына оқытуға тырысады. Бала бұл кітаптан құнды дүниелер міндетті түрде алып, кейін ата-анасына алғысын білдірер. Алайда, оның бұдан бетер оқымысты болып кетуіне кім кепіл? Жеткізгім келіп отырған мәселе мынада – кітаптың бетін ашпаған адам ақылсыз емес, жай ғана бұл адам өзінің жүрегі қалаған кітапты тапқан жоқ. Жаман кітап, жаман автор болмайды. Түйін – балаға «құнды» кітапты ұсына берсеңіз де, ол өзінің кітабын таппағанынша, оның оқуға деген қызығушылығы тумайды. Сонымен, неге біз адамдарды кітапты оқып не оқымауына байланысты «ақылды», «ақылсыз» деп бөліп жарамыз? Уақыт өтер, ол адам да қоғамда өз орнын табар. Оларды баса бергеннен біз еш пайда таба алмаймыз, қоғамның сауатты болуын қанша қаласақ та, қысыммен еш жеңе аламаймыз. Ал енді қалай қарекет қыламыз? Мәселен, әркімнің қызығушылығы әр қалай, біреуге психологиялық жанрдағы кітаптар ерекше ұнауы мүмкін, ал біреу мұндай дүниені қолына алғысы да келмейтін шығар. Мейлі, бұл оның тұлға ретіндегі өзінің субъективті ойы. Бірақ, бұл кітап сіздің көңіліңізден шықпаса, өзге кітаптардың сіз үшін қызықты болмауына сіз сенімдісіз бе? «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады», –
деп Елбасымыз айтпақшы, зерттеңіз, ойланыңыз, оқып көріңіз, өзіңізге шектеу қоймаңыз. Мәселе жылына қанша кітап оқуыңызда емес, қаншалықты бұдан ойыңызға құнды әрі пайдалы деректер алуыңызда. Егер өзіңіздің ойыңызды ұшқыр әрі нақты жеткізгіңіз келсе, кез-келген адаммен тіл табысып, рухани одан бетер байып, қоғамда өз орныңызды тапқыңыз келсе, алтын уақытыңызды соза бермей, дәл қазір кез-келген кітаптың бетін ашып көруіңізді сұраймын.
Диляра ӘКІМБЕКОВА,
№ 66 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар