Биыл қар қалың түсті. Көктем айларында Жыланды өзенінің Жабайға, Жабай өзенінің Есілге құятын тұстарында су тасқынының қауіпі туындауы мүмкін.
Осыған орай, алдағы уақытта Атбасар қаласының іргесіндегі Жабай өзенінің арнасын тереңдету жұмысы жүргізілмекші. Сондай-ақ, Мариновка, Борисовка, Садовый селолары маңында су бөгеті салынады. Жабай өзенінің арнасын кеңейту және тереңдету жұмысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалған. Мұз жару, дизель отынының қорын жасау, қаптар сатып алу тәрізді су тасқынына қарсы шараларға аудан бюджетінен 9,3 миллион теңге қаржы бөлінген.
Боранбай КӨМЕКЕЙ.
Атбасар қаласы.