Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түзеу мекемесінің қызметкері сотталды - АРҚА АЖАРЫ

Түзеу мекемесінің қызметкері сотталды

2019 жылдың қыркүйегінде Степногорск қалалық прокуратурасына осы аумақта орналасқан түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бірінің әкесі мекеме қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданып келді.

Арыз берушінің айтуынша, 2019 жылдың шілдесінде ұлының өтініші бойынша ол түзеу мекемесінде баласына қолайлы жағдайлар жасаймын деп уәде еткен мекеме қызметкерінің «QIWI» электрондық әмиянына 400 мың теңге ақша аударған.
Қала прокуратурасы осы жайды тексеруді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырды. Тексеру барысында түзеу мекемесі қызметкерінің ақша алғандығы расталды.
2020 жылдың 21 қаңтарында Степногорск қалалық соты азамат К.-ні Қылмыстық Кодекстің 366-бабында қарастырылған пара алу қылмысына барғаны үшін кінәлі деп тауып, оған 12 миллион теңге айыппұл салуға және мемлекеттік қызмет лауазымдарын атқару құқығынан өмір бойы айыруға шешім шығарды. Сондай-ақ, ол «әділет майоры» шенінен де айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар