Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары - АРҚА АЖАРЫ

Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары

Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатының көне қолжазбасы толық өңдеуден өткеннен кейін 1968 жылы Ливанның Бейрут қаласында М.Махдидің басшылығымен тұңғыш рет басылып шыққан еді. Біз бүгін осы трактаттан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Айдынгүл Хаванның араб тіліндегі түпнұсқадан аударған үзіндіні оқырман назарларына ұсынып отырмыз.

Бисмилләһи әр-рахман әр-рахим!
Бірінші бөлім ізгілікті діндегі Алла деп тануға тиіс нәрсе туралы: ол қандай болмыс, оның жауһары не, оны қандай сипаттармен сипаттау керек, одан болмыстар қалай пайда болды, ол қай жағынан олардың бар болуының себебі, оны қандай есімдермен атау керек және ол есімдердің қайсыларымен оған жалбарыну керектігі туралы.
Бұл бөлімде ең алдымен, ол Нәрсенің болмыстағы мәртебесі қандай мәртебе екен­дігі, Оның бүкіл болмыстардың ал­ғаш­қы жасаушысы, сосын шегі, сосын фор­­масы болғандықтан, олардың алғашқы себебі екендігі, Оның кемшілік атаулыдан ада, оларға қатысы жоқтығы, Оның бол­мысынан абзал, кемел, қадым бір бол­мыс­­тың болуы мүмкін емес екендігі анық­­талады. Сол себепті де, асылында, Оның жауһары мен бол­мысында жоқтық мүл­дем болмайды және ол потенциалды бол­­мыс та емес әрі қандай жағдайда да, бар болмауы мүмкін емес, керісінше Ол Ең Соңғы Кемел.
Содан кейін, Оның бар болуы үшін ол бағынышты болатын немесе оған қажет болатын себептің қандай жағдайда да, мүлдем болмайтындығы, Ол жауһарымен Әзәли (ежелгі), болуы үшін бақилығын ұзартатын ешнәрсеге мұқтаж болмайтындығы, керісінше, жауһа­рының өзі осыған жеткілікті екендігі.
Бұдан соң Оның болмысына ұқсас болмыстың болуы мүлдем мүмкін бол­май­тындығы әрі Өзінен басқа бір нәрсе үшін бар болуы да мүмкін емес екендігі, Оның болмыс мәртебесіне тең келе­тін және қарама-қайшы бола алатын нәр­се­нің ешқашан болмайтыны туралы. Содан кейін Ол басқа нәрсе мүлдем ара­ласа алмайтын болмыста Жалғыз бол­ға­ны үшін Бір екендігі, Өзінің болмыс дәрежесінде Жалғыз екендігі, Оған не по­тенция, не әрекет аралас-
пайтын және қан­дай жағдайда да, бөлінбейтін бол­мыс әрі жауһар екендігі, Өзінен басқа нәр­селерден Оның Өзі болып табылатын бірлік арқылы ажыратып тұрған болмысы Өзінің бірлігі болатын Өзіне ғана тән болмысы екендігі және Ол бір болу мағынасының осы жақтарымен Бір болатыны жөнінде.
Бұдан кейінгі сөз Оның жауһарының не екендігі, Ол ғалым деген не мағына екені, Ол хакім деген не мағына екені, Ол тірі деген не мағына екені, Ол мәні тұрғысынан кең. Өйткені, Ол ең абзал ақыл әрі ілім иесі және оның шебері екені туралы болады. Әрі қарай Оның болмысы мен жауһары болып табылатын мағынасын түсінуіміздегі кемшіліктің себебі беріледі. Ол мәні тұрғысынан кең, себебі Ол білінуші әрі танылушы бола тұра Оны елестету мен қиялдау (қабылдау) біз үшін қалай қиын болатыны жайында. Содан кейін, Оның асқақтығы, ұлылығы әрі даңқтылығының мағынасы не және қалай болатындығы, Оның сұлулығы мен әсемдігі қандай мағынада, Ол сүйілген және ғашық болынғандығын және ләззатын қалай сезінетіні туралы.
Бұдан кейін өзінен басқа болмыстар­дың Одан қалай шыққандығы және қандай жағдайда да, Ол бұл бол­мыстардың кемшіліктен ада, оған мүл­де қатысы жоқ жасаушысы болуы үшін қай жағынан оған сенілуі тиіс екендігі, болмыстардың Одан қалай пайда болғандығы және болмыстағы мәртебелеріне қарай қа­лай реттелгендігі, бір-бірімен қалай байла­нысатындығы, не нәрсе арқылы бай­ла­нысып, бірігетіндігі сөз болады.
Әрі қарайғы сөз осы болмыс аталуы тиіс (болмысқа берілген) есімдердің қан­дай нәрсе болуы керек екендігі туралы. Және аталған есімдердің көптігіне қарай сол болмыстың бар болуы да көп деген тү­сінік болмау үшін ол есімдерге қалай дәлелдер келтіру керек екендігі және болмыстарда болатын кемшілік осы болмыста да бар деген қате түсінікке кел­меу үшін ол есімдердің әрқайсысына қандай дәлел жасалу керек екендігі жайында. Осы болмыс аталып тұрған бұл есім­дер шын мәнінде, біздегі әрбірінде кем­шіліктен бір нәрсе болатын Одан басқа көптеген болмыстардың есімдері мен мағыналары. Сондықтан бұл есім­дердің барлығын біз шын мәнінде, кем­шілігі бар болмыстарды білдіруде қол­данып әдеттенгенбіз әрі ол есімдер ту­ралы біздің түсініктегі әдет бойынша олар арқылы Онда да нұқсан бар деп тү­сінуден әрі елестетуден аулақ бола ал­маймыз немесе біз де көп деп түсінуге әдеттенген ол есімдердің көптігі мен көп мағыналылығы Ол болмыста да көп болып елестейді. Көптік болмыстың кемшілігі болып табылады. Сол себептен де, Онда асылында кемшілік бар деген қате түсінікке келмеу үшін осы есімдерге қалай анықтама берілуі тиіс екендігін білуге мұқтажбыз.
Содан кейін осы жағдайда еске алынуы тиіс болған нәрсе болмыстардың материясы болғандықтан және қандай жағдайда да, материя болатын нәрсе болғандықтан Оны ол болмыстардың себебі жасаудың мүмкін еместігі және оларға материя болғанда қай жа­ғынан Оған кемшілік ілесетіні, Оған мүл­дем кемшілік ілеспеу үшін Ол қай жағынан болмыстардың шегі жа­са­лынуы керектігі, сондай-ақ, мүлдем кем­шіліктен ада болуы үшін қай жағынан ол болмыстардың формасы жасалатыны анықталуы керек еді. Дегенмен, бұған қосымшаларда (зиәдатта) қайта ораламыз.
Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар