Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл мектептеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл мектептеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болып, бірқатар білім мекемелері мен әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, сондай-ақ, алдағы көктемгі су тасқынының алдын алу мәселелерін пысықтап, тиісті орындарға нақты тапсырмалар берді.

Облыс басшысы өз сапарын облыс орталығының іргесіндегі Симферополь орта мектебінен бастады. Мектеп директоры Базарбек Ысқақовтың айтуынша, осыдан жарты ғасыр бұрын іргесі қаланған білім ордасында 136 бала білім алуда. Мектеп ғимаратының бір бөлігіне 2012 жылы 87,1 миллион теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Бүгінгі күні екі қабатты негізгі корпусы мен спорт залы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Нысанға осыған дейін зерттеу жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша ғимарат жарамсыз, ал, спорт залы апатты деп танылыпты.
Облыс әкімінің «Ашық есік» қоғамдық қабылдауында болған ауыл тұрғындары да осы мәселені көтеріпті. Сол себепті білім ордасын арнайы барып көрген облыс басшысы мектептің апатты жағдайда тұрған спорт залын бұзып, қайтадан салу керектігін айтты. Ол үшін аудан басшылығына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді тапсырды.
– Облыстық мәслихаттың алдағы сессиясында қаржы бөлетін боламыз. Ол үшін алдымен нысанды зерттеп, қанша қаржы қажет екенін анықтап алған жөн. Нысанды 1 қыркүйекке дейін үлгермесек те, келер жылдың 1 қаңтарына дейін салып бітіруіміз керек, – деді Ермек Маржықпаев.
«MilkProject» серіктестігінде жүзеге асырылып жатқан 200 сиырға арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде өткен жылдың желтоқсан айында жүзеге асырылғанымен, қазіргі кезде ферма жұмыс істеп тұрған жоқ. Бұған серіктестік басшысы түрлі себептер айтуда. Осы ретте, облыс әкімі мәселеге назар аударып, кәсіпкерге көмектесу қажеттігін атап көрсетті.
Бұдан әрі облыс басшысы Шағалалы кентіндегі орта мектеп пен жоғары агротехникалық колледжде болып, білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты. Шағалалы орта мектебінің ұжымымен кездесуінде білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты. Жоба бойынша бұл жұмыстың құны 299 миллион теңгені құраса, биылғы жылы оның 150 миллион теңгесі бөлініп отыр.
Облыс басшысы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары шеңберінде Шағалалы елді мекенінің инженерлік қорғанысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды көріп, аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметінің басшылығына нақтылы міндеттер жүктеді. Облыстық ТЖД бастығы Алексей Советовтың мәліметі бойынша 2019 жылы Шағалалы өзенінің жағалауын нығайту үшін 3 миллион теңге қаржы бөлініп, 650 текше метр қиыршық тас төселген. Аудан әкімі Бауыржан Ғайса атап өткендей, биылғы көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен барлығы 6,1 миллион қаржы қарастырылып отыр.
Сонымен қатар, облыс әкімі осы сапарында Зеренді ауылындағы жылу қазандығы мен аудандық мәдениет үйінің жұмысымен де танысты.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар