Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірқатар мәселелер заң аясында шешіледі - АРҚА АЖАРЫ

Бірқатар мәселелер заң аясында шешіледі

Ақмола облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев филиал ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген көпбейінді облыстық аурухананың дәрігерлері Баян Есілбаева, Юлия Иващенко мен Бақытгүл Тастанбекова осыдан он жыл бұрын дәрігерлік мекемеден берілген қызметтік баспаналарын жекешелендіргісі келетіндерін айтты. Олардың айтуы бойынша облыстық аурухана тұрып жатқан пәтерлерін қалдық сомасы бойынша емес, нарықтық бағамен сатқысы келетін көрінеді. Ақ халаттылардың өтінішін тыңдаған Ермек Маржықпаев медицина қызметкерлерін баспанамен қамту басты назарда екенін айтып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшыларынан мәселесінің мәнісін сұрады. Олардың айтуы бойынша, дәрігерлердің қызметтік пәтерлерді қалдық сома бойынша сатып алуға толық құқылары бар.Тек, тиісті құжаттарды ретке келтіру керек. Осылайша бұл мәселе қабылдау барысында бірден шешімін тапты.
Облыс орталығында осы күзде өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумына дейін қаланы абаттандыру жөнінде бірқатар ұсыныстарын айтқан қала тұрғыны Ирина Нуссқа белсенді азаматтық ұстанымы үшін ризашылығын жеткізген облыс әкімі оған қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі болуға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, қабылдауға «Қопа көлінің жағалауында демалыс орны, велосипед жолы салынса» деген тілекпен келген зейнеткер, тыл еңбеккері Валентин Жулинге жақсы ойлары үшін алғысын айтып, облыстық әкімдік тарапынан Қопа көлін тазарту, көл жағалауын абаттандыру мақсатында қолға алынып жатқан шараларды қысқаша баяндап өтті.
Қоғамдық қабылдауға келген барлық азаматтардың өтініштері назарға алынғанымен, сот арқылы шешілуі керек мәселелер де болды. Әсіресе, Зеренді ауданына қарасты Ермаковка ауылында тұрғындар мен «Жыланды» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жетекшісі, Зеренді аудандық мәслихатының депутаты Петр Таранов арасында туындап отырған жер дауы міндетті түрде заң аясында шешілуі керек. Мәселенің ауылда әлеуметтік шиеленіс туғызғанын қабылдауға келген тұрғындардың сөздерінен анық аңғарған облыс әкімі келер аптада Ермаковкаға жұмыс сапарымен барып, сол жерде ынталы топпен кездесетінін, жалпы, жағдайды өз бақылауына алатынын айтты.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар