Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа белесі - АРҚА АЖАРЫ

Өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа белесі

«Ақмола облысының өкілдері Қазақстан мен Өзбекстанның «Өңірлік бизнестің агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы ынтымақтастық» ІІ өңіраралық ынтымақтастық Форумына белсенділікпен қатысты», деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Форум аясында Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Өзбекстанның Сырдария облысының инвестиция және сыртқа сауда басқармасы өзара ынтымақтастық туралы бірнеше келсімге қол қойды. Атап айтқанда, «Сапа Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі темірбетон құбырлары өндірісі жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру, «Тыныс» АҚ дербес қорғаныс құралдарын, арнайы киімдер, полиэтилен құбарлары, геотекстиль бұйымдарын шығару туралы меморандумдарға қол қойды. Сондай-ақ, «KAZAKINVEST»ҰК» акционерлік қоғамы, «KRANTAS» ашық акционерлік қоғамы және «Тыныс» АҚ ауыл шаруашылығы, құрылыс, мұнай-газ және коммуналдық шаруашылық саласына арнайы техникалар дайындау жөніндегі бірлескен жоба аясында, Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мүкіндігі туралы үш жақты меморандумға қол қойды.

Жеміс-жидек, көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында Сырдария облысының «StrongHardWorkers» ашық акционерлік қоғамы мен Ақмола облысы Қазақстан Республикасына аталған өнімдерді жеткізу және Ақмола облысында Өзбекстан сауда үйін құру туралы мәмілеге қол қойды.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспановтың айтуынша, бұл келісім екі мемлекет арасындағы жоспарланған ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруда өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

–Аталған жобаны іске асыруды жеделдету мақсатында екі жақ көкөніс-жеміс өнімдерін уақытылы жеткізуге және сауда үйін ашуға мүдделестік танытып, көмектесетін болады, сонымен бірге, аталған жобаны іске асырудың тиімді шараларын бірлесіп қолданады,-деп атап көрсетті Ербол Оспанов.

Жалпы, 2019 жылы Ақмола облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 92,9 миллион АҚШ долларын құрады. Ақмола облысынан Өзбекстанға бидай, күнбағыс тұқымы, жемазық және металл сынықтары экспортталған. Орталық Азия елдерінен облысқа этилен полимерлері, ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптау машиналары мен механизмдері, жеміс шырындары, әк, қаптар мен пакеттер импорты жүзеге асырылды.

Бақберген Амалбек,

«Арқа ажарының» өз тілшісі. 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар