Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абай – 175 - АРҚА АЖАРЫ

Абай – 175

Адам болу, адал болу ұлағаты

Ұлттық поэзияның ұлы кемеңгері, реформатор, хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің кітапхана ұжымымен бірлесіп ұйымдастырған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты әдеби-танымдық кеш болып өтті.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кем емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ, біз ұлы ойшылымызды жаһан жұртына лайықты түрде таныта алмай келеміз» деген болатын. Осы орайда, ұлы ақынның ұрпаққа ұлағат етіп қалдырған даналығын, мол мұрасын халыққа
насихаттау, бай шығармалары арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жақында ғана кітапханада «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби орталық ашылған болатын. Осы орталықтың бастамасымен өткізілген кеште курсанттар Абай Құнанбаевтың қара сөздерін мәнерлеп оқып, өлеңдерін жатқа айтты. Сондай-ақ, «Көзімнің қарасы» әнін гитараның сүйемелдеуімен қосыла шырқады. Аталмыш мектептің курсанты Қожа Досжан Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін жаттап келіпті.
–Абай өлеңдері оқыған кезде адам жанына ерекше әсер етеді. Өлеңдерінде қандай тақырып қозғалмасын, айтар ойы адам санасына жеткізе жазылған. Ақын өмірде түрлі жағдайға тап болғаныңа қарамастан, адам болып қалу, адамгершілікті сақтау басты құндылық екенін дәлелдеді. Сондықтан, адам болу, адал болу – Отан қорғаушылардың да басты ұстанымы болу керек деп санаймын, – дейді ол.
Іс-шараға облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің Щучинск қаласындағы филиалы директорының орынбасары Есентай Жылқыбаев және аталған мектеп курсанттары, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысты. Кеш соңында Абай Құнанбайұлы туралы деректі фильм көрсетілді.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар