Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайнайды қаның!.. - АРҚА АЖАРЫ

Қайнайды қаның!..

Бәтуасыз уәде

немесе «Сбербанктің» өтірігі

2017 жылдың 28 қарашасында «Арқа ажарының» №137 санында шағын құлаққағыс жарияладық. Тақырыбы – «Сбербанктің» «құрметі». «Құрметіне» кері мағынада тырнақша қойғанымызды өздеріңіз түсініп отырсыздар.
Ал, енді бүгінгісін неге «Сбербанктің» өтірігі» деп атадық? Ол үшін сол 2017 жылы газет бетінде шыққан құлаққағысты оқырманға қайта ұсынған жөн болар.
Сонымен міне құлаққағысымыз, әне «Сбербанктің» өз түбіртегі. Мемлекеттік тілді бытықы-шытықы ету ме, ету. Тілімізді табанда таптағаны үшін күйінетін-ақ жағдай. Содан әрі қарай не болды дерсіз. Жазғанымызды шара қолданып, жауабын беру үшін «Сбербанктің» Көкшетаудағы филиалына жолдадық. Обалы нешік, араға бірер апта салып ол жауап та келді. Енді сол жылдың 26 желтоқсанында газетімізде жарияланған сондағы жауапты да назарларыңызға ұсына отырайық.
Осы арада бірден айтуымыз керек, бұл жауаптың өзі оқып, танысқаннан-ақ бізді онша қанағаттандыра қоймаған. Содан амал жоқ, 8 банкоматты қазақ тіліне көшіру неге сонша көп уақыт алады, үш ай, яғни, бір тоқсан ұзақ емес пе деп тікелей Ә.С.Махмудова ханымға тағы телефон шалғанбыз. Бірақ, филиал басшысы өз уәжімен осы үш айға арқа сүйеп, содан кейін бұл мәселеге қайтып оралмайтынымызға, яғни, «Сбербанктің» мемлекеттік тілді тіл құрлы көрмейтініне соңғы нүкте қойылып, бәрі жақсы боларына сендіріп бағып еді.
Содан қайран басымыз осыған иланып, барлығы дұрысталған шығар деп күндегі жанталаспен бір кезде өзіміз көтерген мәселені естен шығарып жүре беріппіз ғой. Бәрін енді біліп отырмыз.
Жуырда «Сбербанктің» көп клиенттерінің бірінің банкоматтан қазақ тілінде сұратқан түбіртегін көрсек… Масқара! Баяғы қате әлі бір әрпі өзгермей, сол қалпы жүр.
Бір кездегі «бәрін түзетеміз» деген өтірікке қанымыз қайнап кеткенін, әлгі арада мына «тосын, тосын емес-ау, сорақы сыйдан» не істерімізді білмей қалғанымызды несін жасырайық. Енді осыдан кейін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, газетті де алдаған, қазақтың қасиетті тіліне де соншалықты жа-
уапсыз қараған «Сбербанк» басшыларына былай дегіміз келіп тұр:
Қымбатты Әсел Сәдуқызы Махмудова ханым, сіз өзіңіз ұлтыңызды алсақ, қазақсыз. Рас, «Сбербанк» Ресейдің банкі делік. Бірақ, өзіңіз басқаратын филиал қазақтың жерінде отырған соң, пайданы бізден, осы қазақ елінен көріп жатқан соң, қазақ бола тұра, неге осы мәселеге бір жаныңыз ашымайды?! «Сбербанктің» банкоматтарындағы бір әрпі бар, бір әрпі жоқ, не жазылғаны мақұрым қазақ мәтіні түзеледі деген жауабыңызға да аттай 27 ай өтіпті. Тіпті, біздің өзіміз көпсінген, бірақ, сізге сенуімізге тура келген үш ай емес, тұп-тура екі жыл үш ай!
Сондықтан, осы сын материалдың тақырыбын «Сбербанктің» өтірігі» деп қойдық. Ренжімеңіз. «Басшының да өтірігі» деп қоюға болушы еді. Бірақ, қанша дегенмен, 8 наурыз мерекесінің қарсаңында ол ауыр сөзді сізге қимадық. Дегенмен, осы жазғаннан қорытынды шығаратыныңызға әлі де болса үмітімізді үзбейміз. Өйткені, заңға жүгінсек те, біздер көтерген мәселе орынды!
Қ.КӘКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар