Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Қадірлі қыз-келіншектер, ардақты аналар!
Баршаңызды көктемнің ұлық мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Әйел – өмірдің тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі де. Сіздер отбасының ұйытқысы болып, шаңырағымызды қуаныш пен шаттыққа, жылылыққа толтырасыздар және біздерге – ер адамдарға өзімізге деген сенім мен болашаққа құлшыныс сыйлайсыздар. Ер азаматтардың әрбір табысының сыртында әйелдердің қолдауы мен сүйенуі тұрады, шын мәнінде – сіздер біздің мақтанышымыз бен тірегімізсіздер.
Қазір қыз-келіншектер қызмет етпейтін сала жоқ. Бүгінгі заманның әйелдері саясатта да, экономика мен бизнесте де, денсаулық сақтау мен білім саласында да лайықты орнын тауып, жемісті еңбек етуде. Ғылымда жаңалық ашу немесе спортта үлкен жетістіктерге жету, қоғамдық тәртіпті сақтау – бәрі сіздердің қолдарыңыздан келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде әйелдердің құқықтары жан-жақты қорғалып, мемлекеттік басқарудың барлық саласында және корпоративтік секторда олардың кең қамтылуын атап көрсеткен болатын.
Кәсіби қызметтеріңізде жақсы жетістіктерге жете жүріп, сіздер отбасының береке-бірлігін сақтауға да атсалысып, жақындарыңызды әрдайым жүрек жылуы мен қамқорлықтарыңызға бөлейсіздер. Бала тәрбиесіне де ардақты аналарымыз қаншама жан шуағы мен жүрек мейірімін жұмсап жатыр. Қазіргі күні Ақмола облысының аумағында 7 мыңнан астам көп балалы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері тұрады.
Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толғалы отыр. Отан үшін от кешкен майдангерлер мен сол бір қиын кезеңде тылда еңбек еткен еңбек ардагерлері – нәзік жанды аға ұрпақ өкілдеріне де басымызды иіп, құрмет көрсетеміз.
Осы қуанышты күні барша қыз-келіншектерді, ардақты аналарымызды төл мерекелерімен құттықтай отырып, өмірдің әрбір күні сіздерге тек қуаныш пен бақыт, тыныштық пен береке әкелсін, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын деген ақ тілегімді білдіремін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар