Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көп балалы аналарға мың тағзым - АРҚА АЖАРЫ

Көп балалы аналарға мың тағзым

 Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, бір топ көп балалы аналарды төл мерекелерімен құттықтап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын тапсырды.

– Халқымызда «Ана бір қолымен бесіктегі сәбиін, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген аталы сөз бар. Расында, адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қашан да тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы. Сондықтан да, біздің қоғамымызда асыл аналарымыз бен қарындастарымыздың орны ерекше, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев өз құттықтау сөзінде.
Сонымен қатар, шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Алтын алқамен» марапатталған Бурабай ауданынан Алмагүл Махметова мен Ботагөз Бапанова, Біржан сал ауданынан Жанар Нұрмұханова және «Күміс алқамен» марапатталған Гүлмира Әбікенова, Қарлығаш Байысова, Гүлнәр Тәшімова, Наталья Малица, Айнұр Сұңғат, Айгүл Топай, Жазира Байсарина, Әсел Әлмамбетова, Айгүл Ғабдуллина, Ольга Мырзагелдинова, Айшат Солсанова, Гүлмира Тілеукина, Валентина Медведева, Вера Шауберт, Елена Муллагалеваларға ерекше ілтипат көрсетілді.
Өз кезегіне аналардың атынан сөз сөйлеген көкшетаулық көп балалы ана, еліміздің білім саласының үздігі Ольга Мырзагелдинова осындай құрмет көрсетіп отырған облыс басшылығына аналық алғысын білдірді. Бүгінде облысымызда 7 мыңнан астам көп балалы ана тұрып жатыр. Олардың 2384-і «Алтын алқа», 3660-ы «Күміс алқа» иегерлері.
Бұдан бөлек, облыс басшысы арнайы барып Көкшетаудағы қарттар мен мүгедектер үйіндегі аналарды, «Көкшетау сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әйелдер ұжымын және Сарыарқа шағын ауданындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде облыстық ТЖД мен ПД қызмет істеп жүрген қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, гүл мен сыйлықтар үлестірді.
Сонымен қатар, Васильковка шағын ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Валентина Мазурованың үйіне барған облыс басшысы қарияға мерекелік гүл мен сыйлығын табыс етті. Жасы 97-ге таяған ол 2-ші Украина майданында әскери қақтығыстарға қатысқан.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар