Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ұстазым менің, ұстазым!» - АРҚА АЖАРЫ

«Ұстазым менің, ұстазым!»

Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі»,-дейді Ыбырай атамыз.

Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны анық. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, не бір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер, бәрі бір адамға қарыз. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат етіп шығарудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек деп білеміз.
Шәкірттерінің жан-дүниесін байытып, қоғам кетігіне кірпіш болып қалануына ұстаздардың қосар үлесі зор. Тарыдай болып білім ордасының табалдырығын аттаған күннен бастап, таудай болып өмірге етене араласқанға дейін біз ұстаздарымыздың ойлы сөздерін жадымызға жаттап өстік.
Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері, кәсіби ұстаздарымыз жетерлік.  Солардың бірі біздің алғашқы мұғаліміміз, 1950 жылғы 4 наурыз күні көпбалалы Құсайын
және Әлиман Қожахметовтердің отбасында дүниеге келген Бағила Құсайынқызы. Ардақты ұстазымыз да біз оқып, білім мен тәрбие алып шыққан Абай атындағы №2 Степняк қазақ орта мектебінің үздік түлегі.
Ол бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған педагогикалық сынып курс-
тарын 1970-1971 жылдары бітіріп, еңбек жолын қалалық №3 мектепте бастаған. Апайымыз бізді жылы шуақты жүрегімен бірден баурап алды. Мектептің жаңа күн тәртібіне үйрену, яғни, ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайтындығы, дер кезінде сабақты орындау және бойымызға рухани адамгершілік қасиеттерін ұялатқан апайымызға айтар алғысымыз мол.
Бұдан кейін ауданымыздың Сәуле, Қызылұйым, Жаңалық мектептерінде тәжірибе жинақтап, іскерлігімен беделге ие болды. Бағила Қожахметова 1988-2008 жылдар аралығында өзі білім алған Абай атындағы қазақ орта мектебінде жұмыс істеп, зейнеткерлік демалысқа шықты.
Аяулы ұстазымыздың еңбегі бағаланып, бірнеше рет аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ең бастысы, ол – ұлағатты ұстаз. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген ұстазымыздың өмірі –  болашақ біздер үшін  үлкен өнеге.
Егер әр адамның бойында ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімдеріміздің
еңбегі. Осынау қымбат қасиеттер нұрын жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші абзал жандар. Біз асыл ұстазымызды көгілдір көктемнің шырайлы мерекесімен құттықтап, денсаулығыңыз мықты, көрер қуанышыңыз көп болсын дегіміз келеді.
Шәкірттеріңіздің атынан:
Алма Ысқақова.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар