Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирустан барынша сақтана білуіміз керек - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирустан барынша сақтана білуіміз керек

Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облысымызда коронавирустың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Жуырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны күн сайын көбеюі салдарынан төтенше жағдай жариялап, әлемнің пандемияның аз-ақ алдында тұрғанын мәлімдеген болатын. Аталған ұйымның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінге дейінгі жағдай бойынша коронавирус әлемнің 80 мемлекетінде тіркелген. Жұқпалы дертке шалдыққандар саны 90 912 адамды құрады. 3 117 адам осы індеттен көз жұмды. 47 984 адам емделіп, үйлеріне жіберілген. Департамент басшысының айтуынша, күн сайын коронавирус бұрын-соңды бұл індет тіркелмеген төрт-бес мемлекетте анықталуда.
– Әлемде эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 26 ақпанындағы қаулысына сәйкес елімізге шет мемлекеттерден келіп жатқан азаматтар үш санат бойынша бақылауға алынуда. Бірінші санатқа Қытай Халық Республикасы мен Иран Республикасы енді. Бұл елдерден келген азаматтар аурудың ешқандай белгілері болмаса да, бірден стационарларға жатқызылады. Ал, Гонконг, Макао, Тайваньнан және Оңтүстік Корея, Жапония мен Италия елдерінен келетін азаматтар үй жағдайында карантинге жабылады. Біздің Ақмола облысына шет мемлекеттерден келген 25 азамат коронавирусқа тексеріліп, ешқайсысында індет белгілері анықталған жоқ, – деген облысымыздың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина эпидемиологиялық жағдай тұрақталмайынша, шет елдерге шықпауға, адам көп жүретін орындарға балалармен бармауға, гигиеналық шараларын сақтауға кеңес берді.
Бүгінде облыста көшпелі туризммен айналысатын 26 турагенттік бар. Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті өңіріміздегі барлық турагенттіктерге жолаушыларға шет елге шыққанда қандай сақтық шараларын ұстануды, коронавирус тіркелген елдерге бару қауіпті екенін алдын ала түсіндіруді барынша ескертуде.
Брифинг барысында департамент басшысы біздегі медициналық мекемелердің коронавирус анықталған жағдайда науқасты емдеуге толық дайын екенін, ол үшін дәрі-дәрмек жеткілікті екенін айтты. Ал, журналистердің «Көкшетаудағы дәріханаларда медициналық маскалар неге сатылымда жоқ?» деген сұрағына:
– Осыған дейін елімізде медициналық маска шығаратын екі кәсіпорын болса, бүгінгі таңда тағы бірнеше кәсіпорын іске қосылды. Сол себепті, мәселе көп ұзамай шешіледі. Біздегі медициналық мекемелер маскалармен толық қамтамасыз етілген. Осы арада айта кететін мәселе, масканы күн сайын, әсіресе, далада тағудың қажеттілігі жоқ. Масканы сау адам емес, тұмау, жедел респираторлық аурумен ауыратын науқастар тағады. Ауырып жүрген баланы мектепке, бала бақшаға жібермеу керек. Емханаларда, мектептерде фильтр кабинеттері жұмыс істейді. Дене қызуы бар науқастар бірден сонда тексерістен өтеді,– деп жауап берді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар