Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Арықтар қардан тазартылуда - АРҚА АЖАРЫ

Арықтар қардан тазартылуда

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев көктемгі су тасқынына жол бермеу, оқу орындарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында Көкшетау қаласындағы бірқатар нысандарды аралап көрді.

Өңір басшысы алдымен төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою мақсатында Уәлиханов көшесінің бойындағы су өткізетін арықтың жұмысымен танысты. Көкшетау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Юрий Шидловскийдің айтуынша, облыс орталығындағы арықтар қалпына келтіріліп, тазартылуда. Су тасқынына байланысты халықтың қандай да бір сұрақтары туындаған жағдайда, қазірдің өзінде жедел желі жұмыс істеп тұр. Қала тұрғындары кез-келген уақытта 781107 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады. Облыс әкімі сала басшыларына алдағы уақытта да жұмысты бәсеңдетпей, үнемі басты назарда ұстауды қатаң тапсырды.
Бұдан кейін облыс басшысы Көкшетау жоғары техникалық колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, цифрландыру бағытында білім беруге басымдық беретін оқу ордасының тың жобаларымен танысты. Қазіргі таңда колледждің күндізгі бөлімінде 2131 студент білім алуда. Оларға 256 оқытушы білім береді. 1973 жылы іргетасы қаланған білім ордасында 4 оқу-өндірістік корпус пен 500 адамға арналған 2 жатақхана бар. Колледж директоры Ақңұр Қабиденқызының айтуынша, екі оқу ғимаратының қасбеті пен терезелерін және еден жабындысын жөндеуге жалпы сомасы 77,3 миллион теңгеге жобалық сметалық құжат дайындалған. Өңір басшысы оқу корпусын аралап көріп, студент жастардың оқудағы жетістіктерімен танысты. Бұл оқу орнының негізгі бағыты – заманауи білім беру мен инновациялық дамудың жетістіктерін оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдалану, кәсіптік маман даярлауға жаңа технологиялар мен тың идеяларды тиімді қолдану болып табылады. Бір атап өтерлігі, қазіргі таңда колледжде алыс-жақын шетелден білім алуға құштарлық білдіріп жатқан жастар көп. Осы орайда, қазіргі кезде сапалы білім беру және қажетті мамандықтар бойынша оқыту аса маңызды екендігін баса айтқан облыс әкімі білім саласын қолдау ісі жалғаса беретіндігін атап өтті.
Облыс әкімі облыс орталығындағы «Білім – инновация » мектеп- лицейінде атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты. Лицей директоры Ғалымжан Ещановтың айтуынша, бұл күнде білім ордасында 218 оқушы оқиды. Лицей оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық пән олимпиадаларында жүлделі орындар иеленіп келеді. 2018 жылы лицейде «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы аясында Дүниежүзілік банк гранты есебінен 61,1 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген. Ғимараттың қасбеті мен жылу жүйесі жөнделіп, қабырғалары мен шатыры қымталған. Қазіргі таңда білім ордасының шатыры және қоршаулар мен қақпаларды демонтаждау бойынша жұмыстар жүргізуге, сондай-ақ, қойманың карнизін жөндеуге жалпы сомасы 39,6 миллион теңгеге көлемінде қаражат қажет. Өңір басшысы алдағы уақытта бұл мәселелер оң шешілетін айтып, өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған ұжым басшылығына алдағы уақытта да осы үдеден көрінулеріне тілектестік білдірді.
Өңір басшысы Көкшетау қаласындағы №8 орта мектебінде де болып, су тасқынына дайындық барысымен танысты. 1969 жылы іргетасы қаланған мектептің ғимараты әбден тозығы жеткен. Білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 340 миллион теңге қаражат қажет. Облыс әкімі бұл қаражаттың екі жыл ішінде екі бөліп берілетінін айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта оқушылардың білім сапасын көтеру қажеттілігіне де баса назар аудару керектігін алға тартты.
Облыс әкімі жұмыс сапары аясында Застанционный кентіндегі көпір мен Шағалалы су қоймасының жағдайымен танысып, сала басшыларына бірқатар міндеттемелер жүктеді.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар