Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Латын графикасына көшу – болашаққа бастар игі қадам - АРҚА АЖАРЫ

Латын графикасына көшу – болашаққа бастар игі қадам

Ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген екен. Сондықтан, тілдің басты таңбасы – жазу десек, әліпбиді таңдау – ұлт болашағын таңдау екені белгілі.

2017 жылы 12 сәуірде Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауында 2025 жылдан бастап латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы әріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты кешікпей бастап қолға алу қажеттігін атап өткен болатын. Осы жылы алғашқы әліпбидің жобасы 26 қазанда қабылданды. Екінші рет 2017 жылы 11 қарашада өзгеріс енгізілді. Ал, 2018 жылдың 19 ақпанында үшінші нұсқасы мақұлданды. Алайда, дыбыстық кейбір таңбалар төңірегінде көптеген айтыс-тартыстар да болғанын жасырмау керек. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылдың 21 қазандағы әліпбиді жетілдіруге байланысты берілген тапсырмасынан кейін, жеке азаматтар тарапынан ресми түрде өз әліпбилерін ұсынушылар мен кейбір әріптерді өзгертуге байланысты пікірлер Министрлікке түсіп жатыр. Бұл ұсыныстар Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық жұмыс тобы мүшелерінің сараптамасынан өтуде. Болашақта халық игілігіне жарататын латын графикасының әліпбиі мен емле ережесі тіл ғалымдарының ғылыми елегінен өткізіліп, халыққа ұсынары хақ. Әліпби өзгеріске түскенімен, көп дегенде 4-5 таңба өзгерер. Сондықтан, әзірше қолда барды пайдаланып халыққа түсіндіріп, алғышарттық жоспарды, жаңа әліпбиге деген дайындық жұмыстарын жалғастыра бергеніміз абзал.
Жалпы латын әліпбиі Еуропа, Азия, Африка және Америка құрлықтарының көптеген мемлекеттерінің жазу жүйесіне негіз болып отыр. Бұл жазу жүйесі, сонымен қатар әрі құрлық, әрі мемлекет болып табылатын Аустралияның, сондай-ақ, әлем мұхиттарындағы Жаңа Зеландия, Индонезия, Филиппин, Исландия секілді арал-мемлекеттердің де жазу үлгісіне айналып кеткен. Бірқатар деректер көрсеткендей, дүние жүзінде ең дамыған 30 мемлекеттің 22-сі латын әліпбиін пайдаланады, ал, 10 жетекші экономикасы бар мемлекеттің 7-уі, әлемдегі ең бай 20 аса қуатты елдің 18-і, бизнес жүргізуге қолайлы 30 мемлекеттің 25-і де латын әліпбиін қолданушы елдер. Демек, бұл – кең таралған жазу. Мұны, әсіресе, жастар жақсы түсінеді. Дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға бір табан жақындаудың белгісі.
Латын графикасының төл әліпбиіміздің таңбасы ретінде келуі қордаланған біраз мәселелерді шешуші аспектісі екені белгілі. Терминдеріміз бір ізге түсіп, бизнес тіліне әсері, тілдің бәсекеге қабілеттілігі, шетелдіктерге қазақ тілін, өзімізге шет тілін үйренуге, өз тіліміздің бұрынғы бұрмалауға түспеуі деген сияқты көптеген жеңілдік әкелуі сөзсіз. Қай салада болсын, жаңа реформа халық талқысына, көптеген қарсылыққа, өзіндік ұсыныстарға, талас-тартысқа түсуі орынды. Алайда, болашаққа, тәуелсіз мемлекетімізге берері мол өзгерістерге жай қарамауымыз керек. Қазақстан мемлекетінің барша халқы қолдау көрсетіп, қабылдағанымыз жөн.
Қаратай Төлекеев,
Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының
басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар