КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында онлайн қызмет көрсететін сайт ашылды. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнгүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Интернет ресурс арқылы Көкшетау қаласының тұрғындары азық-түлік пен киім-кешек, тұрмысқа қажетті шаруашылық заттарын онлайн тапысырыс бере алады. Сайтта азық-түлік, киім-кешек дүкендері, дәріханалардың телефондары мен ұсынылатын тауарлардың тізімі мен бағасы бар.
Сондай-ақ, такси қызметтерінің де байланысты телефондары көрсетілген.
Бұдан бөлек, төтенше жағдай бойынша, коронавирус жұқпасына қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы республикалық және өңірдегі ақпараттарды көруге болады.
https://www.coronavirus2020.kz/kz/akmola-oblysynda-azyk-tulik-satatyn-onlayn-duken-ashyldy_a3629453